25.07.2017
Қазақстандық делегация құрамын бастаған «АЗИЯ АВТО» АҚ президенті Ерік Сағымбаев болса, Ұлттық «KAZAKH INVEST»-тің төраға орынбасары Мейіржан Мәйкенов Пекинге ат басын тіреп, отандық темір тұлпарлардың экспорттық әлеуетін арттыру жолдарын қарастыратын келіссөздер өткізді, деп хабарлайды 16news.kz сайты.
Күншығыс еліне тауарды экспорттау оңай шаруа емес екендігі о бастан мәлім. Бұл орайда, ҚХР-ның сертификаттау және аккредитациялау мемлекеттік басқарма өкілдері және «China Certification Corporation» корпорациясы, Қытайдың экспорттық-импорттық банктері және тағы басқа да компаниялардың өкілдері бір жиында бас қосқаны әлбетте, жағымды нышан. Кездесу барысында екі жақ қазақстандық автомобильдерді қытай нарығына енгізудің шарттарын сөз етіп, логистикалық, қаржылық, сертифакаттау, лицензиялау сауалдарын көтерді.
Қазақстандық автоөндірістің табысты басталған алғашқы тәжірибесі, қаңтар айы, 2017 жыл.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың қаңтар айында «Азия Авто» алғашқы су жаңа LADA 4x4 жол талғамайтын автокөліктерін ҚХР нарығына жөнелткен. Бұл қазақстандық автоөндірістің шет ел нарығына салған сара жолының бастамасы болған-тын.
«2025-ші жылға дейін шикізаттық емес өнімдердің экспортын дамыту, оның жағрафиясын кеңейтуді Елбасымыз да міндет етіп қойып отыр ғой. Біз «АЗИЯ АВТО» ұжымы осы талаптарды орындауда бар ынта, күш-жігерімізді салудамыз. Және бұл тек бос сөз емес. Мәселен, осы бағыттағы нақты жоспарымыз, арнайы «Жол картасы» бар. Бұл стратегия отандық автоөндірістің Еуразиялық одақ нарығына қол жеткізуді көздейді. Қарап тұрсаңыздар, бастаған қадамдарымыз жемісін бере бастады. Осы орайда, қытайлық серіктестер мыңнан астам жол талғамайтын LADA көліктерін сұрап отыр. Оның басым көпшілігі Күншығыстағы өз иелеріне жеткізіліп те қойды. Қазіргі таңда қазақстан автоөндірісінің шетел өнімінің 84 пайызы «АЗИЯ АВТО» еншісінде»,— деп атап өтті «АЗИЯ АВТО» АҚ президенті Ерік Сағымбаев.
Сондай-ақ, Ерік Сағымбаев сөз арасында Пекинде өткен айтулы кездесудің экспорттық әлеуетті одан ары нығайту мен дамытуға қосар үлесі зор болатындығын тілге тиек етті.
Похожее
20.06.2018 10:50
В Астане на Форуме выпускников и участников...
14.05.2018 11:54
Всего на конкурс подано свыше 90 заявок, из них...
10.05.2018 15:59
Постановка на регистрационный учет в качестве...
08.05.2018 12:26
Генеральный спонсор первого регионального...