26 қыркүйекте Астанада сән әлеміндегі ең маңызды оқиға – Russian Fashion Brands өтеді

03.09.2018

26 қыркүйекте Қазақстанның астанасы Астана қаласында Еуразия континентінде fashion-индустрияда 2018 жылдың ең маңызды оқиғасы – Russian Fashion Brands – ресейлік fashion-индустрия флагмандары өздерінің тоқыма, киім, аяқ киім, тері және тері өнімдерінің инновациялық коллекцияларын ұсынатын бірегей көрме және нағыз сенсация орын алады.

Орта және шағын бизнестегі отандық өндірушілер жетекші ресейлік компаниялармен және В2В форматындағы fashion–алыптармен тікелей іскери қарым-қатынасты орнатудың бірегей мүмкіндігіне ие болып отыр.

Халықаралық көрме ұйымдастырушылары қазақстандық компанияларға жетекші ресейлік fashion-брендтерді ұсынуға және сән өнімінің жаңа жеткізушілеріне жол ашып беруге уәде беріп отыр.

26 қыркүйекте Астана-ЭКСПО халықаралық көрме аумағындағы Конгресс-орталықта брендердің ең жойқын түсау кесуі, дефиле форматта ресейлік компаниялардың коллекция көрсетулері көрініс алады.

Одан басқа, көрме аясында әр түрлі тұсау кесулер және коктейль кештер өтеді.

Аталған сауда-іскери миссия – әуесқойлар мен кәсіпқойлар үшін жеңіл өнеркәсіптегі ресейлік өнімді сатып алу саласындағы екі жақты сауда қатынастарын дамытудың бүкіл әлеуеті көрсетілетін мінсіз орын.

Бұл күні 40-тан астам көшбасшылар мен ресейлік fashion-индустрия флагмандары қазақстандық көрерменнің назарына ең сәнді үрдістерді және әр түрлі талап етілетін бағыттағы - тоқыма, киім, аяқ киім, былғары және тері өнімі, аксессуарлар - коллекцияларды ұсынатын болады.

Аталған көрме Ресейлік экспорттық орталық – ресейлік экспорттаушыларға қолдаудың қаржылық және қаржылық емес шаралардың кең спектрін ұсынатын шикізат емес экспортын қолдау мемлекеттік институтының жан-жақты қолдауының арқасында мүмкін болып отыр.

Бізбен бірге 26 қыркүйекте Астанада Конгресс-орталықта күні бойы сән индустриясының ерекше атмосферасын сезінуге шақырамыз. Russian Fashion Brands – бұл fashion-индустрияның жетекші өңірлік лидерлері сағататтарын түзейтін жер. Артық ештеңе жоқ – те сән, дизайн, киім, тоқыма, былғары мен тері.

26 қыркүйекте астананың сән оқиғасының қатысушысы бол, өз өміріңді тірі эмоциялармен және жаңа тәжірибемен толтыр, өзің үшін сәннің креативті әлемін аш. Бұл ұмытылмайтын мінсіз fashion-show болатыны сөзсіз.

Бастауыш және кәсіби дизайнерлер, шоу-бизнес жұлдыздарының, атақты журналистердің және әйгілі блогерлердің, жетекші фотографтардың, мыңдаған ниет білдірушілердің Көрмеге ат салысып, қатысуға шақырамыз.

Сіздерді Көрменің алғашқы қатысушылары болуға және алдағы маусымда трендте не болатынын білуге шақырамыз. Еуразия жүрегіндегі Астана қаласында  осы жаздың ең маңызды сән әлемінің мінсіз көрінісін жіберіп алмаңыздар.

Сөйтіп, бәріміз 26 қыркүйекті асыға күтеміз, Конгресс орталық, Russian Fashion Brands.

Похожее