Аягөзде Ақтамберді Сарыұлының ескерткіші ашылды

31.07.2017

Аягөз қаласында атақты жырау, қолбасшы батыр, қоғам қайраткері, қазақтың көне жыраулық мектебінің белді өкілі Ақтамберді Сарыұлының ескерткіші ашылды, деп хабарлайды 16news.kz

Шараға Жарма ауданының әкімі Н.Б.Сыдықов қатысып, жыраудың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті.

Алты алашқа даңқы жайылған қаhарман жырауды, ел ертеңін ойлаған қайраткерді жармалықтар да, қазаққа ортақ ұлы тұлға ретінде көреді. Сондықтан да аудан орталығы - Қалбатау ауылының үлкен бір көшесіне Ақтамберді жыраудың есімі берілген.

Ақтамбердінің асыл мұрасы, батырлық істері ұрпақтарының, халқының жадында. Бүгінгі салтанат осыны айғақтайды. Осындай тәрбиелік-тағылымдық шараға ұйтқы болып отырған Мүсәпірбековтар әулетінің ізгі істерін айырықша атап өтуге болады.

Ақтамберді жыраудың асыл мұрасын насихаттау жас ұрпақтың бойында Отан сүйгіштік қасиетті қалыптастыруға ықпал етеді.

Похожее