05.12.2018
Есенғали Садырбаевты тамаша кескіндемеші ғана емес, сонымен бірге ғалым – зерттеуші суретшілердің қатарына жатқызуға болады. Оның суреттері Қазақстанның ірі қалаларында, Ресей, Қырғызстан, Латвия, сондай-ақ Австрия, Венгрия, Түркия, Араб Эмираттары және Малайзия елдерінде көрмелерге қойылды. Есенғали Садырбаев Ұлы дала тарихын сан жылдар бойы жазып келеді. Қажетті сюжеттерді ол музей мұрағаттарынан, тарихшылардың ғылыми еңбектерінен, археологтардың қазбаларынан табады. Ал, шығармашылық қиялы мен шабыты суретшіге ерте уақытта өткен тұрмыстық тіршілікті және адам бейнелерін жан-жақты қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Көрмеде дәстүрлі қазақ аңшылығы тақырыбындағы суреттер ұсынылған. Бұл туындылар көшпенділер өміріне деген оның көпжылдық қызығушылығының нәтижесі деуге болады. «Жібек Жолы» тақырыбындағы көркемдік жұмыстарының сериясы керуен жолдарының бойындағы қазақтың ежелгі қалаларына арналады. «...Кеңістік пен уақыт көкжиектері түйіскен», Қазақстанның нағыз ұлттық тарихы басталды деген Елбасының сөздерінің айғағы Есенғали Садырбаевтың суреттері – Ұлы Дала тарихының романтикалық иллюстрациясы, ал бүгінгі көрме мәдениеттану үрдісінің тағы бір дәлелі.
Похожее
22.04.2024 20:06
Возможен ли полноценный народный учёт и контроль в...
23.01.2024 12:16
Ширина Иордана – метров 15- 20, не более. Течение...