2018 жылы KAZ Minerals Тобы оған дейінгі жылмен салыстырғанда 14%-ға артық мыс өндірді 294,7 мың тонна (2017: 258,5 мың тонна).

25.01.2019

Бұл 270-300 мың тонна көлеміндегі жылдық жоспарлы аралықтың жоғарғы шегіне сәйкес келеді. Мыс өндірісінің артуы негізінен Ақтоғай КБК-дегі жоғарғы жетістіктердің арқасында орын алды.

2018 жылдағы алтын өндірісі – 183,4 мың унция (2017: 178,7 мың унция). Бұл жоспарлы 160-175 мың унция көлеміндегі аралықтан жоғары.

Күмістің жылдық өндірісі – 3,511 млн унция (2017: 3,506 млн унция). Аталған көрсеткіш жоспарлы 3 млн унциядан әлдеқайда артық.

2018 жылы өндірілген концентраттағы мырыштың көлемі (49,7 мың тонна) 2018 жылдың үшінші тоқсанындағы өндірістік нәтижелер барысында айтылған жоспарлы 60 мың тонна шамасындағы көрсеткіштен аз болып шықты. Бұған Артемьев шахтасының екінші кен шоғырына жақын учаскелердегі кеннің құрамындағы мырыштың күтілгеннен аз мөлшері әсер етті.

 

Бозшакөл

2018 жылдың төртінші тоқсанында Павлодар облысындағы Бозшакөл КБК-де 7,48 млн тонна кен өндірілді. Бұл үшінші тоқсанмен салыстырғанда 3%-ға аз , бірақ кен байыту фабрикаларының 100%-дық өткізу қырқынмен жұмыс істеуіне қажетті кен көлемін (жыл сайын 30 млн тонна) қамтамасыз етуге жеткілікті. Жалпы өткен жылда 30,7 млн тонна кен өндірілді. Каолин балшығы бар кенді өндіру жоспарлы түрде азайғандықтан бұл көрсеткіш 2017 жылмен (34,6 млн тонна) салыстырған 11%-ға аз.

Төртінші тоқсанда мыс өндіру көлемі 6%-ға артып, 26,6 мың тоннаға (3 тоқсан: 25,2 мың тонна) жетті. Оған себеп – кендегі мыс мөлшерінің және бөліп алу коэффициентінің жоғары болуы. 2018 жылы Бозшакөлде 101,6 мың тонна мыс өндіріліп, жылдық жоспарлы 95-105 мың тонна аралығының жоғарғы шегіне таяды. Бұл 2017 жылдағы (101,3 мың тонна) көрсеткіштерге сәйкес келеді.

Төртінші тоқсанда алтынның өндірісі2 34,1 мың унцияға жетіп, өткен тоқсанмен салыстырғанда 9%-ға артты. Жыл көлеміндегі алтынның өндірісі 127,8 мың унцияға (2017: 119 мың унция) жетіп, 115-125 мың унция көлеміндегі жылдық көрсеткіштен асты.

Күміс өндірісі2 (666 мың унция) – 500 мың унция көлеміндегі жоспарлы көрсеткіштен 33%-ға артты (2017: 687 мың унция).

 

Ақтоғай

Шығыс Қазақстан облысындағы Ақтоғай КБК-де төртінші тоқсанда 11,2 млн тонна кен өндірілді (3 тоқсан: 11,6 млн тонна). Бұл сульфидті кендерді өңдейтін кен байыту фабрикасы (БФ) мен үймелі сілтісіздендіру панельдерінің сұранысынан жоғары. Кеніште аршу жұмыстары жүргізілді. Осының арқасында 2021 жылдан бастап екінші кен байыту фабрикасындағы өңдеуге арналған кенді өндіру артады.

Жалпы 2018 жылда Ақтоғайда 41,9 млн тонна кен өндірілді. Бұл 2017 жылмен (26,2 млн тонна) салыстырғанда 60%-ға артық.

Кендегі мыс мөлшерінің жоғары болуының арқасында төртінші тоқсанда мыс өндірісінің көлемі1 3%-ға артып, 36 мың тоннаға (3 тоқсан: 34,9 мың тонна) жетті. 2018 жылы Ақтоғай 131,4 мың тонна өндіріп, 110-130 мың тонна көлеміндегі жоспарлы аралықтан сәл асты. Сульфидті кенді өңдейтін БФ-ғы өндіріс қарқынын арттырудың арқасында 2017 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 46%-ға артты (2017: 90,2 мың тонна). Ақтоғайдағы мыс өндірісіне сульфидті кеннен өндірілген 105,7 мың тонна мыс және оксидті кеннен өндірілген 25,7 мың тонна катодты мыс кіреді.

 

 

Шығыс өңір мен Бозымшақ

Жалпы Шығыс өңірдегі кәсіпорындар («Шығыстүстімет» ЖШС) мен Қырғызстандағы Бозымшақ КБК-де төртінші тоқсандағы кен өндірісі үшінші тоқсанға сай болды - 963 мың тонна (3 тоқсан: 975 мың тонна). 2018 жылы 3,89 млн тонна кен өндірілді (2017: 3,92 млн тонна).

Жыл бойында өңделген кеннің көлемі 3%-ға, яғни, 4,17 млн тоннадан 4,03 млн тоннаға дейін азайды. Оған жұмысы тоқтатылған Юбилейный-Снегирихин кенішінің жинақталған кенін 2017 жылы өңдеу себеп болды. Кендегі мыстың орташа мөлшері де азайды – 2017 жылы 1,89% болса, 1,81%-ға дейін төмендеді. Оған негізінен Орлов шахтасындағы кендегі металдың азайған мөлшері ықпал етті.

Өңдеу көлемінің және мыстың орташа мөлшерінің азаюы 2018 жылы Шығыстүстіметтің кәсіпорындары мен Бозымшақта 61,7 мың тонна мыс2 (2017: 67 мың тонна) өндіруге мүмкіндік берді. Бұл жылдық 65 мың тонна жоспарлы көрсеткіштен 5%-ға аз.

Алтын мен күмістің тоқсандық өндірісі шамамен бір деңгейде сақталды: төртінші тоқсанда 14 мың унция алтын және 631 мың унция күміс болса, үшінші тоқсанда 13,8 мың унция алтын мен 643 мың унция күміс болған. Концентраттағы мырыштың өндірісі 15%-ға азайып, 13,4 мың тоннадан 11,4 мың тоннаға түсті. Негізінен бұған Орлов шахтасындағы металдың төмен мөлшері мен Николаев БФ-ғы өңделген кен көлемінің азаюы себеп болды.

Жыл көлемінде Шығыс өңір мен Бозымшақта 55 мың унция алтын, 2,356 млн унция күміс және 49,7 мың тонна концентраттағы мырыш (2017: сәйкесінше 58,9 мың унция, 2,549 млн унция және 57,6 мың тонна) өндірілді.

 

KAZ Minerals Тобының басқарма төрағасы Эндрю Саузам былай деп мәлімдеді: «2018 жылы KAZ Minerals-тың кәсіпорындары жақсы өсім көрсетті: мыс өндірісінің көлемі 14%-ға артып, 295 мың тоннаға жетті. Топтың мыс өнімінің 45%-ы, яғни, 131,4 мың тонна мыс 2017 жылы іске қосылған Ақтоғай КБК-де өндірілді. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 46%-ға артық. Ерекше атап өтер жәйт – 2018 жыл Топ жыл сайынғы мыс өндірісінің жоспарына жеткен оныншы жыл және Қазақстандағы ірі өркендеу жобаларымыз – Бозшакөл мен Ақтоғай өндірісті табысты өсіре білген кезең болды».

 

Похожее