25.04.2020
Елімізде жарияланған төтенше жағдайға қарамастан Шығыс Қазақстандағы ірі кәсіпорындар жұмысын тоқтатпайды.
ШҚО кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Қайрат Мамырбаевтың айтуынша, палата қызметкерлері ТЖ жарияланған бірінші күннен бастап кәсіпкерлік субъектілеріне барып, Қазақстан Республикасындағы дағдарыстың алдын алу жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын түсіндіруде. Бүгінде бірқатар шаралар қабылданып, соның негізінде туризм, қонақүй қызметі мен қоғамдық тамақтану орындарының иелері салықтан босатылды. 1 маусымнан бастап микро, шағын және орта бизнес өкілдері салықтан босатылады. Сондай-ақ барлық бизнес субъектісі үш ай бойы несиені төлеуді кейінгі шегере алады.
Кәсіпорындардың көбі жұмысын тоқтата алмайды немесе басшылық қызметкерлерін қашықтықтан еңбек етуге жібере алады. «Силумин-Восток» ЖШС-нің директоры Зоя Новолодскаяның айтуынша, аталмыш компания төтенше жағдайға байланысты бірде-бір қызметкерді еңбек демалысына немесе себепсіз жұмыстан босатпаған.
– Біздің кәсіпорында коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында профилактикалық шаралар жасалады. Компания 100 пайыз қажетті құралдармен жабдықталған. Біз машина құрастыру жұмысын тоқтата алмаймыз. Өйткені осы кәсіпорында шығарылатын техника коммуналдық қызмет үшін ауадай қажет. Әрине, ТЖ кезінде көптеген сауал туындайды. Сонымен қатар кәсіпорынға қаржылық тұрғыдан ауыртпашылық түсіп, компанияның бюджеті азаяды. Сөз соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа кәсіпкерлерге көрсетіп отырған қолдауы үшін алғыс айтқым келеді, - деді Зоя Новолодская.
Алайда күш-қуатын азайтқан кәсіпорындар да бар. Солардың бірі - «УК Триплекс». Аталмыш компания шыны шығаруымен айналысады. Бүгінде бұл кәсіпорын қызметкерлерінің 30 пайызы ғана жұмыс істеп жүр. Қалған 70 пайызы ақылы еңбек демалысына жіберілген.
– Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты біздің кәсіпорын қызметкерлері қысқартылған режимде жүмыс істеуге көшті. Жұмысшылардың дені ақылы еңбек демалысына шықты. Ал қалғандары қызметтік көлікпен жұмысқа келеді. Бұдан бөлек біз жұмыс уақытын қысқарттық, - дей келе «УК Триплекс» ЖШС-нің директоры Константин Бородастов: - Осындай қиын кезеңде бізге көмек көрсетіп, несиені төлеу мерзімін 90 күнге дейін шегергені үшін үкіметке алғыс айтамын. Каратин аяқталған соң біздің кәсіпорын толық күш-қуатпен жұмысқа кіріседі.
Похожее
14.05.2024 11:38
Конкурс проходил на портале электронных закупок АО...