«Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй»

20.08.2018

2018 жылғы 17 тамызда Алматы қаласында «Мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» бағыты бойынша іске асыру мен тұрғын үйдің миллионыншы шаршы метрін пайдалануға беруге арналған баспасөз брифингі болып өтті.

 «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бастамашылық еткен «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының ең қажетті және әлеуметтік маңызы бар бағыттарының бірі.

          «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның еншілес ұйымы «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ аталмыш бағыттың операторы ретінде, жұртшылықты атқарылған жұмыстар туралы тұрақты негізде таныстырып отырады. Іс-шараға қатысқандар: «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Акчурин Айсұлтан Әнуарұлы, «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ Басқарушы директоры Сыздықов Еркін Сатыбалдыұлы.

Сыздықов Еркін Сатыбалдыұлы, «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ Басқарушы директоры: ««Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» Ипотекалық ұйымы» АҚ қызметінің тұтас кезеңінде бес мемлекеттік және салалық бағдарламаны іске асыруға қатысты. Онысымен шамамен 35 мың қазақстандық меншікті баспанамен қамтамасыз етілді. «Нұрлы жер» бағдарламасының («Қолжетімді баспана - 2020», Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы және «Нұрлы жол» мемлекеттік инфрақұрылымдық дамыту бағдарламасы – «Нұрлы жер» бағдарламасына біріктірілді) негізгі операторларының бірі ретінде, Қазақстан Ипотекалық Компаниясы бүгінгі таңда сатып алу мүмкіндігімен жалға берілетін тұрғын үйдің 1 миллионнан астам шаршы метрін пайдалануға берді  (жоспар бойынша 2018 жылдың соңына дейін 972 мың ш.м.). Бағдарлама тұрғын үйге қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша бастапқы миссиясынан бөлек, Республиканың құрылыс саласын дамытудың драйверіне айналды. Біз қазақстандық қамтуды шамамен 100 процентке жеткіздік: құрылыс, инженерлік және әрлеу жұмыстары кезінде барынша қазақстандық өндірушілердің материалдары қолданылды. Тұтас ел бойынша 30 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды. «Сатып алу мүмкіндігімен жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы жаңа қалалық аумақтарды инфрақұрылымдық дамытуға да себепші болды, қалалықтар мен жергілікті муниципалдық биліктің ынтымақтастығының жаңа мүмкіндіктерін айқындады».

«Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы көп балалы және толық емес отбасыларға, мүгедек балалары бар отбасыларға және жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, оралмандарға, 1-ші және 2-ші топтардағы мүгедектерге, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлерге, әскери қызметкерлерге, арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне, бюджеттік ұйымдардың жұмыскерлеріне арналады. Бағдарламаны іске асыру жылдарында жергілікті атқарушы органдармен тығыз ынтымақтастық орната отырып, тұтас Қазақстан бойынша 17 мыңнан астам кезекте тұрған адамдар арасында тұрғын үй бөлінді, бұл отбасы мүшелерін қоса алғанда 50 мыңнан астам адам баспаналы болды деген сөз. Компанияның өндірістік жоспарларына сәйкес жыл соңына дейін Қостанай, Қарағанды, Өскемен және Орал қалаларында 41 мың шаршы метрден астам тұрғын үй (703 пәтер) пайдалануға беріледі.

Сатып алу мүмкіндігімен жалға берілетін тұрғын үй – халыққа қажетті мемлекеттік бағдарлама. Әлеуметтік бағдарланған ипотекалық өнімдермен салыстырғанда бағдарлама бастапқы жарна үшін ірі жеке жинақтарды талап етпейді, сондықтан халықтың әлеуметтік осал топтарына теңестірілген көптеген азаматтар үшін – бұл өз баспанасына қол жеткізудің жалғыз мүмкіндігі болып табылады.

Похожее