17.04.2019
Әкімдіктің бұрынғы қызметкері өзінің таныстарын кезексіз төмен бағамен пәтер алып беремін деп иландырған. Бастапқы жарна ретінде жаңа пәтер иелерінен қомақты ақша алып, өзінің қажетіне жаратып отырған.
-32 жасар Өскемендік азамат әкімдіктің қызметкері ретінде бірнеше адамды алдап соққан. Бұған дейінгі қылмыстары үшін заң алдында кінәлі боп танылған ол темір торға тоғытылды. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты соңғы деректер бойынша жаңадан қылмыстық ісі басталып, тергеу амалдары жүргізілуде,-деді Өскемен қаласы Полиция басқармасының жеке меншікке қарсы қылмыстарды тергеу бөлімшесінің бастығы полиция капитаны Жасұлан Игісінов.
Сот үкімі күдіктінің бұрын сотты болмағандығын, кішкентай балаларының барлығын ескеріп 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырған болса, ендігі кінәлары толықтай дәлелін тапқан жағдайда мерзімі үстіне мерзімі жамалатыны сөзсіз.
Похожее
30.04.2024 15:43
О том, что комната в общежитии, в которой он...