Борышкер

15.11.2019

Ағымдағы жылдың 13-15 қазаны аралығында Өскемен қаласы аумағында өткізіліп жатқан «Борышкер» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Өскемен қаласы Полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Жандарбек Ахметжановтың жанында бірлескен отырыс өтті. Әкімшілік полиция бөлімінің қызметкерлері ұйымдастырған аталған отырысқа Өскемен қалалық прокурорының көмекшісі А.Бекешова мен Өскемен қаласының Жеке сот орындаушылар палатасының орынбасары Д.Мырзағалиев қатысты.

Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша салынған айыппұлдарды өндіру деңгейін атқару органдарымен бірлесе отырып жоғарылату мақсатында өткізілген бұл басқосуда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669 бабында көрсетілгендей сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамай жүрген азаматтарға қатысты мәжбүрлі шаралар қолданылуы жөнінде пікір алмасылды.

 

Өскемен қ. ПБ баспасөз қызметі

Похожее