18.07.2019
Оқиға орнына дереу жеткен сол маңдағы «Бекет-6» стационарлық посты инспекторлары полиция аға лейтенанты Нұрсеитов Ельдар мен лейтенант Түсіпов Дарханның сауатты қимылдары нәтижесінде күдіктілер қолға түседі. Телефонды тартып алған тонаушылардың жақын маңдағы сауда үйіне кіріп, тапқан олжаларын сатып жібермек болған әрекеттері іске аспай қалады. Ізі суымай ашылған қылмыс әшкереленіп, тоналған айғақ зат тәркіленіп алынады. Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты ҚР ҚК 191 бабының 1 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кетті.
Похожее
30.04.2024 15:43
О том, что комната в общежитии, в которой он...