Құлаққап ұрлады

15.05.2019

2019 жылдың 07 мамырында Өскемен қаласы Полиция басқармасының «102» арнасына Өскемен қаласындағы орналасқан екі сауда үйінде ұрлық болғаны жайында хабарлама түседі. Екеуінен де қымбат бағалы құлаққап (наушник) ұрланғаны анық болып, тәртіп сақшылары шұғыл іске кіріседі. Ертіс полиция бөліміне қарасты криминалдық полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттері мен сауатты қимылдары арқасында 1995 жылы туылған облыс орталығының тұрғыны күдікті ретінде қолға түседі.

-Күдікті өзінің жымысқы әрекеті арқылы екі сауда үйіне барлығы 120 мың теңге көлемінде шығын келтірген. Бұрын да бірнеше рет сотты болған күдіктіні тергеу барысында кінәсі толықтай мойындалды. Қазіргі таңда оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 бабы 1 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде,-деді Өскемен қаласы Полиция басқармасы Ертіс полиция бөлімі бастығының орынбасары Руслан Нұрсапанов.

Құлаққап ұрлаймын деп қылмысқа жол берген азамат алдағы уақытта сот алдында жауап беретін болады.

 

Похожее