Емдеу мекемелерін жаппай тексеру басталмақ

17.08.2017

ШҚО әкімі Даниал Ахметов денсаулық сақтау басқармасына облыстағы барлық емдеу мекемелерінде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысын толыққанды тексеруді тапсырды, деп хабарлайды 16news.kz сайты ШҚО Ақпараттық орталығына сілетем жасап 

Кезекті облыс әкімдігі отырысында аймақ басшысы енді медициналық мекемелер жөндеу жұмыстарын өз қаражат есебінен жүргізетіндіктерін атап өтті.

– Емдеу мекемелерінде халыққа көрсетілетін медициналық қызметтің ақысына жаңа қондырғыларды сатып алу мен жөндеу жұмыстары еңгізілген. Бірақ, облысымыздағы бір де бір аурухана жөндеу жұмыстарын өз қаражаттары есебінен жүргізбейді, – деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Енді бюджеттік қаражат тек материалдық тұрғыдан қауқарсыз емханалар мен ауруханаларға бөлінбек.

Фото:Кубань

Похожее