13.08.2018
Гепатит вирустары адамзат денсаулығы үшін қауіп-қатердің негізгі факторлары болып саналады. ДДҰ деректері бойынша гепатит дүниежүзінде шамамен екі миллиардтай адамның, яғни планетаның әрбір үшінші тұрғынының өмірін қиды. Тұрғындардың оныншы бөлігі В және С гепатитінің вирустарын тасымалдаушы болып табылады.
Вирусты гепатитадам бауырының жасушаларында көбеюге және кейде бауыр циррозы мен ісігіне апарып соғатын бауырдың жіті және созылмалы қабынуын өршітуге қабілетті түрлі вирустарды тудырады.
Сұлулық салоны – бұл тек қана жақсы эмоциялармен байланыстырылатын, атап айтқанда: көңіл көтерілетін,қуаныш, рахат алатын орын. Алайда салонға бару үнемі қауіпсіз бола бермейді, өйткені бұл жерде клиенттердің биологиялық материалдарымен жұмыс жасалады. Мекемедегі санитарлық ережелерді сақтамағанда, С гепатитін жұқтыру қаупі бар. Вирустың берілуі науқас адамның биологиялық сұйықтығы болатын зақымдалған терісімен немесе шырышты қабықшалармен түйіскен кезде болуы мүмкін.
Семинардың мақсаты:косметологиялық манипуляциялардың қауіпсіздігі (тері қабатының тұтастығын бұзатын маникюр, педикюр, татуировка, пирсинг және өзге де процедуралар), аспап - құралдарды өңдеудің маңыздылығы, асептика мен антисептика ережелерін сақтау және т.б. мәселелеріне жұртшылықтың назарын аудару.
Семинарға Шығыс-Қазақстан облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының, Өскемен қ. қоғамдық денсаулықты қорғау басқармасының, Өскемен қ. №1 қалалық ауруханасының мамандары қатысады.
Похожее
26.07.2022 22:23
Вот и получается, что граждане платят за...