13.12.2017
Тәуелсіздің жылдарында Шығыс Қазақстанның денсаулық сақтау саласында жеткен жетістіктері аз емес. Соның ішінде ана мен бала өлімі азайып, ауруханалар заманауи техникалармен жабдықталуда, деп хабарлайды 16news.kz Аймақтық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Атап айтсақ, Өскемен қалалық №1 аурухана базасында елдегі алғашқы роботтандырылған хирургия орталығының ашылуы жоспарланған. Симуляциялық жабдықтар орнатылған орталықта транспланталогиялық және ангиохирургиялық ота жасауға мүмкіндік туғызады. Бұл жайлы Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Шоранов айтып өтті.
«Тек осы жылдың өзінде облыстық бюджет есебінен медицина саласына 9,5 млрд теңге бөлінсе, оның 7,3 млрд теңгесі жабдықтар алуға жұмсалады. Қаражатқа Бесқарағай, Ұлан, Глубокое, Бородулиха аудандарының орталық ауруханаларына және Өскемендегі инсульт орталығына жаңа заманауи жабдықтар алынады», — деді Марат Шоранов.
Сонымен қатар аймақта ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың тапсырмасымен денсаулық сақтау саласын дамыту мақсатында құны 1,2 млрд. теңгені құрайтын үш кезеңнен тұратын стратегиялық жоспар құрылған. Аталмыш жоспар аясында онкология, кардиология, ана мен бала денсаулығын сақтау сынды бағыттарға екпін жасалып, мамандар дайындалып жатыр.
«Алдағы 3 жылдықтың ішінде шетелдік клиникаларда 150 маман оқытылып, олар жергілікті дәрігерлермен іс-тәжірибемен бөлісіп, біліктіліктерін арттырады. Қазірдің өзінде шығысқазақстандық 50 маман Ұлыбританиядан оқып келді», — деді басқарма басшысы.
Бүгінгі таңда облыста ана мен бала өлімі 3 есе азайса, орташа өмір сүру көрсеткіші өсіп келеді.
Похожее
26.07.2022 22:23
Вот и получается, что граждане платят за...