Тамақтан улану және жіті ішек жұқпаларын алдын-алу іс-шаралары

19.07.2018

Жіті ішек жұқпалары аурушаңдығының деңгейі жаз мезгілінде күрт көтеріледі. Инфицерленген су мен сапасыз азық-түлікпен және кір қол арқылы тұрмыстық-қатынас жолы арқылы, ауыз қуысы арқылы сыртқы ортадан ауызға түсетін қоздырғыштардың сыртқы ортада сақталынуына қолайлы жағдай тек жаз мезгілі ғана.

Жіті ішек жұқпалары – асқазан ішек жолдарын түрлі микроағзалармен зақымдайтын ( сальмонелл, иерсиний, шигелл, кампилобактерии, рота және норовирус) жіті ішек жұқпаларының бірнеше топтары.  ЖІЖ үлес салмағының басым бөлігін токсикоинфекциялары құрайды.

Тағам дайындау барысында жеке гигиеналық талаптардың сақталынбауы, азық-түліктерді дұрыс сақталынбауы, тағам дайындау технологиясын бұзу – тамақтан улану және ЖІЖ себептері.  Сонымен қатар жіті ішек жұқпаларын жұқтыру факторларының бірі - бей-берекет сауда орындарында сатылатын азық-түліктер, кірленген көкөністер, жидек және жемістер арқылы.

«ҚР ДСМ ҚДСК ШҚО ҚДС Департаментінің Өскемен қалалық қоғамдық деңсаулық сақтау Басқармасы» РММ-сі жіті ішек жұқпаларын алдын-алу ушін қарапайым ережелерді сақтауды сіздерге ұсынады:

  • бей-берекет сауда орындарыннан азық-түліктерді сатып алмау;
  • бөтелкедегі немесе сапасы кепілдендірілген суды, қайнатылған суды ауыз су ретінде пайдалану қажет;
  • шикі азық-түліктермен дайын тағамдарды жеке сақтау қажет, әсіресе тез бұзылатын тағамдарды, сондай-ақ уй жағдайында ыстық және суық тағам түрлерін дайындау барысында жеке гигиеналық ережелерді сақталынуын қадағалау қажет;
  • өткен күннен қалған ас қалдықтарын жаңадан дайындалған аспен араластырмаған жөн,  дайындалған ас  келесі күнге қалған жағдайда жеу алдында қайнату немесе қуыру қажет;
  • сақтау мерзімі аяқталған азық – түлікпен шырындарды пайдаланбау;
  • азық-түліктің немесе шырынның сапасына күмән келтірсеңіз пайдаланбау;
  • азық-түлікті және шырынды сатып алу кезінде сақтау мерзіміне назар аудару;
  • азық-түлікті қорабында көрсетілген уақытқа дейін сақтау. Кез келген азық-түлікті сауда желісінде  сатып алу барысында оның қауіпсіздігін және сапасын растайтын  құжаттарды тұтынушы сатушыдан сұрауға құқығы бар.
  • Тамақты әзірлеу алдында және оны жеу алдында қолдарды міндетті түрде сабынмен жуу;
  • Крем қосылған торттарды тоңазытқышта сақтау қажет және де олардың тез бұзылатын азық-түлік екендігін ескеру.

Сіздер, осы талаптарды сақтау арқылы өздеріңізді жіті ішек жұқпаларын жұқтырмауға көмек бере аласыз. Аурушаңдықтың белгілері пайда болған жағдайда міндетті түрде дәрігердің көмегіне жүгіну қажет!

Похожее