Бүгінде колледждер жұмыс берушіге немесе тәлімгердің тікелей өзіне ме, кімге төлем жасау керектігі шешілуі керек.

14.11.2018

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап дуальді оқыту жүйесі бар кәсіптік колледждер жан басына қаржыландыруға ауысады, оның аясында әр оқушы үшін тәлімгерге төлем жасау қарастырылған.

ШҚО Кәсіпкерлер палатасы алаңында «Атамекен» ҚР ҰКП Адами капиталды дамыту департаменті директорының орынбасары Ләззат Шонаева, ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім беру департаменті директорының орынбасары Ернат Жүнісов, «Қаржы орталығы» АҚ Білім беруді мемлекеттік қаржыландыру жүйесін дамыту департаменті директорының орынбасары Айнұр Кадесова білім беруде жоспарланған өзгерістер туралы айтып берді.

Айта кетелік, «Атамекен» ҚР ҰКП  және жұмыс берушілердің ұсынысы бойынша тәлімгерлік заңнамаға енгізілді, сонымен қатар дуальді білімі беру бойынша үлгілік шарт жасалды. 2019 жылдың  басынан бастап техникалық және кәсіптік білім беру білім ордаларында жан басына қаржыландыру енгізіледі, ал тәлімгерлерге 1 студент үшін 6-8 мың теңге төлеу қарастырылған. Бұл жаңашылдық бизнес үшін қосымша ынталандыру болмақ деп атап өтті «Атамекен» ҚР ҰКП Адами капиталды дамыту департаменті директорының орынбасары Ләззат Шонаева.

 «Бұл өте қиын, қажетті және өзекті мәселе. Сондықтан біз бүгін бас қостық. Студенттер кәсіпорында өндірістік оқудан өткенде кәсіпорын белгілі бір өндірістік шығынды көтереді. Яғни материалдар, жабдық пайдаланады. Колледж басшылығы мұны ескеру керек және осы тармақ жан басына қаржыландыруға ену керек», – деді  Ләззат Шонаева.

 Бүгінде колледждер жұмыс берушіге немесе тәлімгердің тікелей өзіне ме,  кімге төлем жасау керектігі шешілуі керек.

 «Тәлімгерлік нақты жеке тұлғаға емес кәсіпорынға байлану керек. Өйткені өндірістік циклдар күрделі және әртүрлі болады. Және тәлімгерлік жалғыз болмайды. Түрлі бағыттар бойынша олар бірнеше болады», – деді қаладағы танымал ресторатор Рустам Адамов.

Білім және ғылым министрлігінде тәлімгерлік үшін әртараптандырылған төлеу жүйесі қарастырылып жатқанын айтты.

 «Тәлімгерлерге төлем жасау көрсетілген белгілі бір әдістеме, жан басына қаржыландырудың есептері бар. Оларға өзгерістер енгізіледі. Тәлімгер өндірістік оқыту күрделігіне қарай төлем алып отырады» – деп жалғастырды «Қаржы орталығы» АҚ  Білім беруді мемлекеттік қаржыландыру жүйесін дамыту департаменті директорының орынбасары Айнұр Кадесова.

 Айта кетелік, өңірде көп жылдар бойы мейрамхана, тігін бизнесі, сонымен қатар машина жасау, өнеркәсіп саласында кадр жетіспеушілігі сезілуде. Осы мамандықтарға оқыту мәселесі өзекті.

Кездесуде ұлттық біліктілік жүйесі  2012 жылдан бері қабылданып жүзеге асырылып жатқаны айтылды. Алайда қазіргі таңда жүйе бір орында «тапталып» тұр. Кәсіптік білім берудің дуальды жүйесін қолға алған кәсіпкерлерде осы бағытта бірнеше мәселелер орын алған. Мәселен,  кәсіпорындар үшін бірыңғай тарифті-біліктілік талаптар бойынша мамандарды даярлау қажеттілігі үлкен мәселе.

Кездесуде мамандарды дайындау, кәсіпорындардың мамандарға деген сұранысы бойынша көп сұрақ көтерілді, сонымен қатар қатысушылар аталған мәселелерді шешу бойынша өз ұсыныстарын ортаға салды.

Похожее