Шығыс Қазақстан облысында 91 жер пайдаланушы келісім шарттарын уақтылы орындамаған.

15.10.2018

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасында 2016-2017 жылдары және 2018 жылдың 8 айында жер қойнауын пайдалану туралы заңнаманы қолдану мәселесі бойынша ведомствоаралық жедел кеңес өтті.

Кеңестің жұмысына табиғат пайдалану және табиғи ресурстарды реттеу, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму, жер қатынастар Басқармаларының басшылары, сондай-ақ, прокуратура және ІІД -нің қызметкерлері қатысты.

Қазіргі кезде облыс аумағында 284 жер қойнауын пайдалану нысандары бар, олардың 145 жалпы таралған пайдалы қазбаларды өндірумен айналысады. Тексеру көрсеткендей, барлық жерлерде пайдалы қазбалар заңсыз өндірілуде. Сонымен қатар, уәкілетті органдар алдына қойылған міндеттемелерді орындай алмайды, осы салада құқық бұзушылықтарды болдырмау және алдын алу бойынша лайықты жұмыс жүргізілмейді, жүйелі бақылау жасамайды.   

Салынып жатқан құрылыс нысандарының Өскемен және Семей қалаларында орналасқанын ескеріп, қиыршық тас, ірі құм және басқа да жалпы таралған пайдалы қазбалар қала аумақтарында және қала маңындағы жерлерде заңсыз өндіріледі.

Прокурорлар Өскемен қаласында 9 карьер, Семей қаласында 6 қарьерді анықталған.  Осы нысандар жұмыстар рұқсат құжаттарынсыз жүргізілген.

ЖПҚ барлау және өндіруге келісімшарттары бар 101 кәсіпорын жер қойнауын пайдалану құқығын рәсімдеу үшін жергілікті атқарушы органдарға өтініш білдірмеген.

Өскемен қаласының әкімдігінде жерлердің болуы туралы есебінде жалған мәліметтер анықталды. 2013 жылдан бастап, қазіргі уақытқа дейін «бұзылған жерлердің алаңы туралы мәліметтер» бағанында тек - 787 га. деп көрсетілген. Сонымен қатар, қала аумағындағы заңсыз карьерлердің саны өсуде, яғни, бұзылған жерлердің алаңы артуда.

Сонымен қатар, осы жылдары 91 жер қойнауын пайдаланушы келісімшарт міндеттерін орындамаған.

Мысалы, «Мақсұт» кен орнында жез барлайтын және өндіретін бір акционерлік қоғам жыл сайын жергілікті бюджетке әлеуметтік саланы дамытуға 50 млн. теңге аударуы керек болатын. Алайда, барлығы 10,6 млн теңге аударылған. Осымен қатар, жоспардан тыс өндіру көлемі 2016 жылы - 97,7 %, 2017 жылы - 142% құраған. Қазіргі кезде барлық кәсіпорындардан сомаларды өндіру рәсімі жүргізілуде.

Басқа жағдайда, осы міндеттер қолданыстағы 60 келісімшартта мүлде қарастырылмағаны анықталған. Мысалы, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық басқармалар бір ЖШС-не 2032 жылға дейін аумақтың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымын дамуын міндеттемей,  «Қызыл Адыр» кен орнында вулкан туфтарын барлау және кейіннен өндіру құқығын берген. Осыған байланысты, қазіргі кезде шарттарға қосымша келісімдер қол қойылуда.

Сондай-ақ, Ахмирово кен орнында құм-қиыршық тас қоспасы мен Аблакетка кен орнында дироиттерді өндіру кезінде келісімшарт аумағынан тыс жер қойнауын заңсыз өндіру фактілері анықталған. Екі факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тұтас алғанда, облыс бойынша осы тектес 7 бұзушылық анықталған (Семей қ.– 4, Ұлан ауданы – 1, Зырян ауданы – 1, Бородулиха ауданы - 1). Нәтижесінде уәкілетті органдардың атына тексеру шараларын жүргізу туралы талап жолданды.

Тексеру қорытындылары бойынша прокурорлар экология Департаментінің, МКД, ІІД, әкімдікке және басқа да уәкілетті органдарға заң бұзушылықтарын жою туралы 5 ұсыным енгізді. Қадағалау актілерін қарау нәтижелері бойыша 12 жер қойнауын пайдаланушы әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Бұдан да басқа, кәсіпорындар бюджетке аумақтың әлеуметтік-экономикалық даумына аударымдар бойынша 45 млн. астам теңге міндеттемелерді қайтарды, қазіргі кезде өндіру жұмыстары жалғасуда.   

Атап өту қажет, жер қойнауын пайдалану саласында қылмыстық істердің қаралуы барынша азайды, соңғы үш жылда сотқа небәрі 2 іс жолданған. Осыған байланысты, облыс прокуратурасының тапсырмасы бойынша ІІД ШҚО, экология Департаментімен бірлесіп, қылмыстық істерді зерделеу әдісін әзірлеуде. Сондай-ақ, маркшейдер және геодезиялық жұмыстарын жүргізу үшін жабдықтарды сатып алу мәселесі шешілуде, жер қойнауын заңсыз өндіретін кәсіпорындардың тізімі қалыптастырылуда.

Уәкілетті органдарға жұмысты ширату бойынша нұсқаулар мен ұсыныстар берілді. Жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарт міндеттемелерін орындауын бақылауға алу және олардың сәйкестілігін тексеру тапсырылды. ІІД ЖПҚ, «Востказнедра» АД, Экология Департаментімен бірлесіп, пайдалы қазбалар заңсыз өндірілетін жерлердің тізімін құрастырып, рейд шараларын ұйымдастыру ұсынылды.  

Похожее