13.09.2019
2019 жылғы 11 қыркүйек күні Ж. Қабдолдақызы Семей қаласының белсенді жастарымен кездесті. Кездесуге жас мемлекеттік қызметшілермен қатар, «Семей қаласының жастар Ассамблеясы» қоғамдық бірлестігінің, «Жас отан» жастар қанатының, Қазақстан жазушылар одағының Семей қалалық филиалының, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің, «Авиценна» колледжінің өкілдері, сонымен қатар кәсіпкерлер қатысты.
Кездесу барысында Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеудің тәртібі туралы түсіндірілді.
Аталмыш кездесу Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің оқытушылары және магистрантура мен докторантура студенттерімен өтті.
Ж. Қабдолдақызы жастарға беріліп отырған мүмкіндікті пайдаланып, аталған Іріктеуге қатысуға шақырды.
Похожее