06.03.2019
Кала әкімінің орынбасары Николай Ушаков нысанның үш блоктан тұратынын айтты. Олардың бірінде әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатса үшінші блоктың қасбеті 50 пайызға дерлік аяқталды.
- Үшінші блоктың ішіндегі әрлеу жұмыстары қыста басталды, - деп нақтылады Николай Николаевич. - Кешенді жылумен жабдықтау сол кезде аяқталған болатын. Бірінші және екінші блоктартың шатыр бөлігіндегі жұмыс толығымен бітті .
Нысанның құрылысына 8 компанияның 200-ден астам адамы тартылған.
- Мердігер ұйымдарға және тапсырыс берушілерге біздің тарапымыздан ескерту жоқ, - деп атап өтті қала әкімінің орынбасары. – Су жаңа спорт кешенде инженерлік коммуникациялар, вентеляция, жылыту жүйесі, бассейнге су беру бар сияқты соңғы технологиялар орнатылған.
Н. Ушаков мәдени-спорт кешенінің құрылысы кесте бойынша жүріп жатқанын атап өтті. Нысанды осы жылдың желтоқсан айында тапсыру жоспарлануда.
- Бұл кешен облыс басшысы Даниал Ахметовтың ерекше бақылауында. Даниал Кенжетайұлы жобалаушылармен бірге осы бірегей нысанды түзетіп, жобаны жетілдіріп отырады, - деп қорытындылады Н.Ушаков
Похожее