07.06.2019
Хатта аталмыш азаматтың 2016 жылдан бері Қазақстан Республикасында оралман мәртебесімен тұрып жатқандығы, сол жылдан бері азаматтық алу мәселелері туындағанын, биылғы жылы, яғни 2019 жылдың мамыр айында Өскемен қаласы Полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінен Қазақстан азаматтығына қабылданғаны жөнінде құжат алғаны айтылған. Хат иесі аталған құжатты алу кезінде полиция лейтенанты Шарипханов Шыңғыстай инспектордың сапалы қызмет көрсеткенін, зор адамгершілік танытқанын баяндайды.
Сонымен қатар, оралман азамат алдағы болатын саяси мереке-Қазақстан Республикасының Президентін сайлау науқанына қатыса алатындығын мақтан ететіндігін жеткізген.
Похожее