Ауданда идеологиялық актив өткізілді

16.10.2018

Ағымдағы жылдың 15 қазан күні аудандық Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазан күнгі Қазақстан халқына арналған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауына арналған идеологиялық актив өткізілді.

 Активке аудан әкімі С.З.Зайнулдин, Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы Министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің төрағасы Қ.Ө.Рыскелдинов, Шығыс Қазақстан облыстық статистика Департаментінің басшысы Ә.А.Мақажанов, Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары С.Қ.Кітапбаев, аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, аудандық мәслихат депутаттары, мекеме басшылары, қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар жетекшілері, кәсіпкерлер, мектеп мүдірлері, емдеу мекемелерінің дәрігерлері, облыстық және аудандық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты. Активте Елбасы Жолдауының басым бағыттары, мақсаттары мен алдағы тұрған міндеттері туралы талқыланып, Елбасы Жолдауын түсіндіруге арналған аудандық іс-шаралар жоспары, медиа-жоспары және ақпараттық тобының кестесімен таныстырылды. 

Үржар ауданының әкімі С.Зайнулдин баяндама жасап, алдағы атқарылатын ауқымды жұмыстарға ерекше тоқталып, активті қорытындылады.

Похожее