28.12.2018
Биыл филиал барлық несие бағыттары бойынша 4 млрд. теңгеге 800 астам несие берді.
«Сыбаға» бағдарламасын іске асыру
Ауыл шаруашылығы министрлігі кәсіпкерлермен бірлесіп, 2018-2027 жылдарға арналған Мал шаруашылығын дамытудың салалық бағдарламасын әзірледі, оның басымдықтарының бірі – саланың экспорттық әлеуетін арттыру болып табылады.
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ «Сыбаға» жаңартылған бағдарламасы бойынша несиелер береді. Оның ерекшеліктері қандай? Несие сомасы 70 млн. теңгеге дейін өсіп, несие мерзімі 15 жылға дейін ұзартылды, пайыздық мөлшерлеме жылына 4% дейін төмендеді.
«Сыбаға» бағдарламасының маңызды артықшылығы – кепілдікке несиелік қаражатқа сатып алынатын мал мен техниканы қоюға болады.
Осы жылы филиал жаңартылған «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2,2 млрд. теңгеге 56 өтінімді мақұлдады. Жалпы алғанда, биыл қаржыландырған жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде облысқа 3 мыңнан астам асыл тұқымды мал басы әкелініп, 3 мыңнан астам ұсақ мүйізді мал басы сатып алынады.
Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» ауыл тұрғындары мен ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының екінші бағыты бойынша шағын несиеуді жүргізеді. Бағдарламаның мақсаты – ауылды жерлерде өз бизнесін ұйымдастыру немесе кеңейтуді қаржыландыру болып табылады. Қазіргі кезде бұл мақсатта облыстық филиал арқылы 2,4 млрд. теңге бөлінді.
Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша несиелер түрлі мақсатта, жылына 6% сыйақы мөлшерлемесімен беріледі (тиімді сыйақы мөлшерлемесі – 6,7% аспайды). Несиелердің мерзімі, сомасы, жеңілдік кезеңі бағытқа байланысты өзгереді.
Егер несиелендіру шарттарына тоқталсақ, ауыл тұрғындары мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жобаларын іске асыруға бағытталған бірқатар негізгі несие өнімдерін атап өтуге болады:
«Игілік» - ірі қара мал, ұсақ мүйізді мал, жылқы, түйе және басқа да ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға бағытталады. Облыста бұл мақсатта 1,8 млрд. теңгеге 660 несие берілді, осы бағдарлама бойынша 703 адам жұмыспен қамтамасыз етілген.
«Кәсіпкер» - ауылды жерлерде бизнестің барлық түрлерін ұйымдастыру және кеңейтуге бағытталған. 129 млн теңгеге 33 несие берілді, осы бағдарлама аясында бөлінген қаражатқа 52 адам жұмыспен қамтамасыз етілген.
«Ырыс» - отбасылық сүт фермаларын және басқа несие өнімдерін кеңейту және құруға 44 млн. теңгеге 1 несие берілді.
«Сыбаға» - жас малдың санын көбейту үшін асыл тұқымды ірі қара мал мен ұсақ мүйізді мал басын сатып алуға арналған. Бұл бағытта 2,2 млрд. теңгеге 56 несие бмақұлданып, осы бағдарлама бойынша бөлінген қаражатқа 73 адам жұмыспен қамтамасыз етілген. Несиелік қаражаттың арқасында облысқа 3 мыңнан астам ірі қара әкелініп, 3 мыңнан астам ұсақ мүйізді мал басы сатып алынады.
Биыл Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасымен 734 ауыл кәсіпкері «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 2,4 млрд. теңге көлемінде шағын несие алды.
Похожее