14.05.2019
Полиция инспекторларының және салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мамандарының ілесіп жүруімен балалар арнайы орнатылған велосипедшілер жолымен жүріп өтті, мұнда ересектер мен балалар үшін велосипедті басқару кезіндегі Жол жүрісі ережелерін сақтау туралы әңгімелесулер жүргізілді және велосипедшілер арасындағы жарақаттың алдын алу бойынша ақпараттық-танымдық материалдар таратылды.
Сонымен қатар барлық акцияға қатысушыларды әрбір серуендеу кезінде, балаларды ертіп жүру кезінде көше жағдайына және көліктер қозғалысына назар аударуға, жол жағдайларын ой-елесінен өткізе отырып, қауіпті сәттерді естерінен шығармауға, көшелер мен жаяу жүргіншілер өтпесінен өту кезінде мұқият болуға және тәртіпті сақтауға шақырды.
Похожее