26.03.2019
Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының 20-дан астам тәрбиеленушілері қонақтарды асыға күтті. Холл іші балалардың өздері жасаған әсем бұйымдар мен суреттерге толы, әсем безендірілген. Айта кету керек, орталықта бірнеше жыл бойы «Золотые ручки» клубы жұмыс істейді. Мұнда бала қолының моторикасын, зейінін дамытуға көмектеседі, сонымен қатар қарапайым нәрсеге қуана білуге, өмірдің тұрлі-түсті «бояуын» көруге үйретеді.
⠀
– Біздің орталыққа 140-тан аса бала келеді. Олар мұнда стационар және жартылай стационар жағдайында балалардың жеке қажеттілігіне қарай, яғни, тірек-қозғалыс аппаратындағы кінәратөа, психикалы невралогия патологиясына байланысты әлеуметтік қызметтер алады. Біздің орталықтың мақсаты – барлығына көмек көрсету және біз олардың тұлғалық дамуына, әлеуметтенуіне, қоғаммен біте қайнасуына бағдар жасаймыз, – дейді арнайы әлеуметтік қызмет орталығының директоры Ольга Батуева.
⠀
Артём 8 жаста. Ол ұстазымен бірге бұршақтан сурет салып, оны «Мысыө күн батарда» деп атаған екен. Өз шығармасын балақай облыстық мәслихат депутаты, ШҚО көз микрохирургия орталығының директоры Зарина Камасоваға тарту етіп, міндетті түрде Түркияға барып, дәл суреттегідей күннің батқанын тамашалап қайтуын сұрады.
– Мейірім нұрын шашқан көздер, кең пейілді ниет, ізгілікке толы жүрек, сондай керемет атмосфера бүгін мені тәнті етті. Балалар сондай ақылды. Маған Артем сыйға тартқан суретті, шын айтайын, жасым үлкен болса да, дәл мынандай әсем етіп жасай алмас едім. Бұл мекеме мемлекет қамқорлығында, сондықтан, жан-жақты қолдау мен көмек көрсетіледі. Мұнда балаларды дамыту үшін барлық жағдай жасалған. Тіпті, мамандардың зор еңбегінің арқасында бүгінде қарапайым балабақша барып жүрген балалар да бар, - Зарина Айдарханқызы.
⠀
Айта кетсек, «Кедергісіз келешек» партия жобасы кембағал жандарды қолдауға, оларға инклюзивті білім беру, жұмыспен қамту, қолжетімді орта қалыптастыруға бағытталған. «Nur Otan» облыстық филиал төрағасының орынбасарының айтуынша, аймақта өткен жылы алты мыңнан астам құрылыс нысаны тексерілген. Сондай-ақ, биыл қоғамдық көліктердің де бейімделу деңгейі тексеруден өтті. ⠀
– Шығыс Қазақстанда тең дәрежеде барлық жағдай қарастырылып жатыр. Яғни, ондаған жылдар бұрын біз тек олардың ортаға бейімделуін межеге алсақ, қазіргі таңда мемлекет тарапынан мүмкіндігі шектеулі азаматтарға тең дәрежеде жағдай жасалуда. Көріп тұрсыздар, балалардың өзге жетіншектерден еш айырмашылығы жоқ. Барлығы білім алады, қызықтырған үйірмелерге барады. Ерекше айтар тұсы, бұл балалар сондай еңбекқор, – деді ШҚОФ төрағасының орынбасары Олег Чугунков.
⠀
Жәрмеңке соңында балаларға «Nur Otan» партия ШҚОФ атынан тәттілер мен ойыншықтар табыс етілді.
Похожее