28.02.2019
Бағдарламаның негізгі мақсаты – жасөспірімдер тәрбиесіне кері әсер ететін отбасылық факторлар санын азайту және олардың ата-аналарымен жақсы қарым-қатынасының нығаюына жол ашып, көмектесу.
«Берік отбасы» бағдарламасы Ұлыбританиядағы Оксфорд Брукс университетіне қарасты «Денсаулық және әлеуметтік көмек» мектебінің қатысуымен жасалған. Ол 10-14 жас аралығындағы балалары бар отбасыларға арналған.
«Берік отбасы» бағдарламасы жеті сессиядан тұрады, әр сессияның бірінші сағатында ата-аналалар мен балалар жеке-жеке топтарда жұмыс жасаса, екінші сағатында барлық қатысушыларға бірлескен жұмыс ұйымдастырылады.
Бұл тренингтер жасөспірімдердің өз болашағына деген сенімдерін арттыруға жол ашып, ата-аналардың балаларына қолдау көрсете отырып, бала тәрбиесіне қатысты көзқарастарын өзгертуге мүмкіндік береді.
Похожее