Дара кәсіпкер темекі бұйымын және алкоголь өнімін кәмелетке толмағанға өткізгені үшін жауапқа тартылды

25.02.2019

ШҚО Көкпекті ауданының №2 аудандық сотында Б.-ға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 133-быбының 1-бөлігі (18 жасқа толмаған адамдарға темекiнi және темекi бұйымдарын сату) және 200-бабының 1-бөлігімен (21 жасқа толмаған адамға алкоголь өнімін өткізу) екі әкімшілік іс қаралды.

Іс матриалдырынан анықталғаны Б.-ның сатушысы оған тиесілі Көкпекті ауданының Аққала ауылында орналасқан дүкенінде кәмелетке толмаған З.-ға темекі бұйымын және сыра сатқан, бұл ӘҚБтК-нің екі бабы бойынша жауаптылыққа әкелген. 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 159-бабымен темекі бұйымдарын он сегіз жасқа дейінгі адамдарға сатуға және олардың сатуына, бөлшек саудада алкоголь өнімін жиырма бiр жасқа дейiнгi адамдарға өткізуге тыйым салынған.

Аталған екі бап бойынша ӘҚБтК-мен шағын кәсіпкерлік субъектілеріне айыппұл түрінде ғана жаза көзделген, 133-бабының 1-бөлігімен 15 АЕК, 200-бабының 1-бөлігімен  - лицензияның тоқтата тұрумен 40 АЕК.

Кәмелет жасқа толмағандардың құқығына қол сұғатын және сауда салсындағы бұзушылықтар үшін кәсіпкер айыппұл төлеп, елеулі шығын көтерді. Сот, әкімшілік құқық бұзушылық жайттарын, жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларды, құқық бұзушының кәсіпкерлікпен жақын арада айналысуды бастағанын, бірінші рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын, асырауында жас баланың барын ескеріп, ӘҚБтК-нің 829-11-бабы ережелерін қолданып, айыппұл мөлшерін 30 пайызға төмендеткен. Сөйтіп, екі іс бойынша Б.-ға алкоголь өнімін сақтауға және өткізуге лицензияның қолданысын екі ай мерзімге тоқтата тұрумен, барлығы 92593 тенге мөлшерінде айыппұл салынды.    

Қаулылар заңды күшіне енді.

Похожее