«ЭКСПО-2017» көрмесін тамашалауға Жарма ауданының оқушылары да Елордаға аттанды

28.07.2017

Ағымдағы жылдың 26 шілдесі күні Жарма ауданының 54 оқушысы Елорда төрінде өтіп жатқан ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін тамашалауға аттанды.

Игі іс аясында балалар көрмені аралап, бас қаланың көрікті жерлерін тамашаламақ, деп хабарлайды 16news.kz

Астанаға жолға шыққан топ құрамында көп балалы отбасылардан шыққан және әлеуметтік топтағы балалар. Балаларға аудандық білім бөлімінен 4 жетекші 1 дәрігер маман бекітілді.

Саяхаттың алғашқы күнінде белсенді топ көрменің басты нысаны - «Нұрлы әлем» ұлттық павильоны, сондай-ақ, шетелдіктердің ұсынған заманауи технологиясының жаңа жетістіктерін тамашалап, энергия-қуат күшін алатын тың жоба - жеке аймағымен танысып, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің музейін, «Бәйтерек» монументін аралап, Астана қаласының көрікті жерлерін тамашалайды.

Бүгінгі күнге дейін 142-ден астам Жарманың білім саласының қызметкерлері мен оқушылары көрмені тамашалады. Оның ішінде 88 мектеп мұғалімдері болса, 54 –і оқушылар. 

Похожее