05.06.2019
Аталған іс-шаралар уәкілетті органдармен бірлесіп жүргізілген профилактикалық шаралардың нәтижесінде мүмкін болды.
Атап айтқанда, облыс бойынша алименттерді төлеу жөнінде және заңмен қарастырылған жауаптылық туралы 26 үгіттеу баннерлері орнатылған. Мемлекеттік мекемелердің ғимараттарында, автовокзалдарда, 66 елді мекендерде жадынамалар мен плакаттар таратылды, Өскемен, Риддер және Зайсан қалаларында да тиісті ақпараттар орнатылды. Облыстың 13 аумақтарында, адамдардың көптеп жиналатын орындарда алименттерді төлемеу проблемасы туралы тақырыптық дыбыс- және бейне көрсетілімдер ұйымдастырылды.
Көмекке мұқтаж жандарға тиеселі әлеуметтік жәрдемақының мөлшері мен түрлері көрсетілген 100 буклет әзірленіп, берілген. 165 борышкерге жұмыссыз ретінде есеппке қойылу қажеттілігі туралы хабарламалар тапсырылды.
Бұдан басқа, прокуратураның бастамасымен балаларын жалғыз өздері асырап отырған екі ана жұмыспен қамтылды. Тағы екеуіне мемлекеттік қордан тұрғын үй берілді. Әлеуметтік қауқарсыз тобының қатарына жататын 118 баланы тәрбиелейтін 94 отбасыға прокуратура қызметкерлері мен демеушілер жинаған қаражат есебінен материалдық көмек көрсетілді.
Жылдың басынан бастап, 16 борышкердің 8 - әкімшілік, 8-қылмыстық жауаптылыққа тартылды.
Похожее