Екі еңбек дауы шешілді

17.10.2018

ШҚО Көкпекті ауданының №2 аудандық сотында К. мен Д.-ның «Көкпекті ауданының ауданарылық аураханасы» КМҚК-на жұмыс берушінің әрекеттерін заңсыз деп тану, төленуі тоқтатылған біліктілік санаты мен ауылды мекенде жұмыс жасағаны үшін төлемақыларды санаттырып, төлетуді міндеттеу, жалақыдан ұсталған біліктілік санаты мен 25% ауылдық төлемақыларды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Іс материалдарынан анықталғандай, К.мен Д. көп жылдар бойы үздіксіз Көкпекті ауданының ауданарлық ауруханасына медициналық статистик лауазымында жұмыс жасап келеді, 2017 жылдың қараша айында мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша К.мен Д.-ға негізсіз біліктілік санаты мен ауылды жерде жұмыс істегені үшін төлемақылар есептелгені көрсетілген, бұнда  Медицина және фармацевтика мамандықтарының номенклатурасында медициналық сатистик мамандығы көзделмегені, біліктілік санаты басқа мамандық «мейіргер ісі» бойынша берілгені, сонымен қатар «медициналық статистик» Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесінде жоғы көрсетілген.  Содан жұмыс беруші 2017 жылдың қазан айында К. мен Д.-ның жалақыларынан қыркүйек айында төленген біліктілік санаты мен 25 % ауылдық төлемақылар сомаларын ұстап қалған.

         Сот, жұмыс берушінің әрекеттері келесі себептермен заңға қайшы келеді деген тұжырымға келді, Медицина және фармацевтика мамандықтарының номенклатурасынан медициналық статистик мамандығы 28.08.2017 жылы алынған, алайда бұл бағытта жұмыс жалғасуда, заңнамалармен жұмыс берушіге қажеттілігіне қарай медициналық  сатистик мамандығын еңгізуге құқық берілген, бұндай лауазым 2015-2018 жылдарға бекіттілген, облыстық денсаулық сақтау басқармасымен келісілген штаттық кестеде бар, «мейіргер ісі»  бойынша қызметкерлер алған жоғарғы біліктілік санаты да сол кезде қолданыста болған заңнамаларға сәйкес берілген, заңдарға еңгізілген өзгерістерге шолу жасағанда «медициналық статистик» мамандығы «мейіргер ісі» мамандығымен қамтылғаны көрінеді, бұған қоса ауылды мекенде жұмыс істегендері үшін 25%  үстемақы төлеу коллектівтік келісім шартпен жұмыс берушіге жүктелген, бұл шартты жұмыс беруші біржақты өзгеруге құзыреті жоқ, демек жұмысшыларды бұл талабы да негізді. Қазан айында К. мен Д.-ның жалақыларынан ұсталған біліктілік санаты мен 25 % ауылдық  төлемақы сомалары жайлы мемлекеттік еңбек инспекторымен тексеру жүргізіліп, жұмыс берушіге заң бұзушылықты жою туралы ұсыным келтірілген, алайда ол жауапкер тарапынан орындалмағандықтан, сот талап қоюшылардың бұл талабы да қанағаттандырылуға жатады деген шешімге келді.

         Сот шешімімен талап арыз толық көлемде қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

 

Похожее