Екпінді жел Ерназар ауылындағы ғимаратының шатырын ұшырып әкеттіі

13.11.2020

12 қарашадан 13 қарашаға қараған түні 26 м/с күшіне жететін желдің қатты соққаны нәтижесінде Ерназар ауылындағы Сосновка орта мектебіне жалғасатын спорт залының ғимаратында 45 шаршы метр ауданында шатырдың жартылай бүлінуі орын алды. Ғимараттың жалпы ауданы- 291,3 шаршы метр. Оқиға кезенінде залал шеккендер жоқ.

ШҚО ТЖД желдің екпіні бар дауылды ескерту туралы алдын ала хабардар етті.

Қала тұрғындарын сақ болуға және үлкен ағаштардың астында қалмауға, олардың астына автокөлік қоймауға шақырамыз. Сондай-ақ, билбордтардан және басқа аспалы құрылымдардан, электр беру желілерінен мүмкіндігінше алыс болу керек. Жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін барынша қырағылық таныту қажет.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 телефоны бойынша шұғыл қызметтерге хабарлаңыз.

Похожее