Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасымен, 2019 жыл «Жастар жылы» деп белгіленді

29.03.2019

«Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек.

      Келесі жылды «Жастар жылы» деп жариялауды ұсынамын» - деді Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаев.

      Жастар үшін ең басты түйткіл – білім алу және жұмыспен қамтылу, одан кейін баспаналы болу. Егер осы үш мәселе шешімін тапса, жас маман тиянақты, сапалы жұмыс істей алады. Қазақта «Жас келсе – іске» деген сөз бар деген - еді.

      Елбасы Н.Назарбаевтың биылғы жарияланған жолдауы жастарды бір серпілтіп, бойына жігер сыйлағандай. Cебебі еліміздің болашағы – жастарға айрықша көңіл бөліп, жастар жылын қабылдауға ұсыныс білдіруі қоғамның ауызбірлігін еселеп арттырды. Елбасының үнемі жастарды қолдап, жастар саясатын дамытуды көздейтіні бекер емес. Ол мұны кезекті жолдауында да ашып айтты.

     «Жас ұрпаққа қамқорлық, оның қазіргі өмірі мен болашағы үшін қам жеу қашанда Елбасының саясатының басты мағынасы болған. Әрбір жас қазақстандықтың жақсы білім алатын, отбасын құратын, жеке тұрғын пәтерге ие болатын мүмкіндігі бар», – деді Елбасы.    Сөйтіп, өзінің кезекті сөйлеген сөзінде Президент жастар алдына таяу болашаққа қатысты айқын да түсінікті міндеттер қойып, ойларын бөлісті, ел тағдыры, оның дамып, өзгеріп жатқан әлемдегі орны жайында баяндады. Оған қоса, бұл міндеттердің жастарымыздың өмірде де, еңбекте де дұрыс шешімдер қабылдауы үшін көмегі тиетініне деген сенімін білдірген еді.

     «Әр Қазақстан азаматы реформалардың мәнісін, Отанымызды өркендету жолында олардың маңызды екенін түсіну керек. Ал мұны жеткізу біздің міндетіміз. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын бәрі қолдады. Оған қосымша «Бес әлеуметті бастаманы» көтердік» - деген Елбасы жастар мен отбасы институтын қолдау – мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуы тиіс екендігін ескертті.

      Жастардың жан-жақты көмекке ие болуын қамтамасыз еткен жөн. Әсіресе, жастар арасында жұмыссыздық деңгейін төмендетуге байланысты іс-шаралар қолға алыну керек екендігін айтқан еді.

      Сондай- ақ қылмыстық атқару жүйесі – Құқық қорғау органдарының бірден бір маңызды бағыттары болып табылады. Бүгінгі таңда осы салада жұмыстын жауапкершілігі мен қиындығын біле отырып, біздің мекеме жастары осы қызметке белдерін бекем буған еді....

     Адамның қоғамдағы тәртібі оның тәлім тәрбиесіне, өскен ортасына, дүние-танымына байланысты болып келеді.

     Қылмыстық атқару жүйесінде сотталған азаматтардың түзелуі, тәрбиесі мен мінез-құлқының оң болуы, жазасын өтеуден кейінгі өмірінде қоғамға толыққанды бейімделуі осы салада қызмет атқарып жүрген бақылаушылар бөлімінің қызметкерлерінің мақсаты болып табылады.

      Бақылаушылар бөлімінің қызметкерлері тарапынан атқарылып отырған жұмыстары жауаптылық пен қырағылықты қажет етеді.

     Бақылаушылар қызметінің жауаптылығы, әр сотталған азаматшаның мінез-құлқына қарай, қылмыстың жасалуының себеп-салдарына байланысты жекешеленген түрде қарастырылып жүргізіледі.

      ШҚО бойынша Қылмыстық Атқару Жүйесі Департаментінің, Жарма ауданы, Шуақ елді мекенінде орналасқан ОВ- 156/21 мекемесінде жүргізіліп отырған тәрбие ісі адамзаттың нәзік жанды өкілдері, әйел жәңе ер азаматтардың тізгінінде.

     Аталған мекемеде бас бостандығынан айырылған азаматшалар жазаларын өтеуде.

    Осы мекеменің бақылаушылар бөлімінің қызметкерлерінің қызметі, жазасын өтеуші азаматшалармен жүргізіліп отырған жұмыстарын оң ниетпен, жылы көзқарас, мейірім, шын жүрекпен, қайсарлықтарын көрсетіп келеді.

    Міне, осындай қызметкерлер өз борыштарын бақылаушылар бөлімінің бастығы әділет капитандары Г.М.Балтабаева мен З.М.Каримжанованың бастауымен тың жұмыстар атқарылып келеді.

    Әр қайсысы әр үйдің ұйытқысы, бірі әке болса, бірі ана болса, қызметте сыйлы жандар....

     Бақылаушылар  бөлімінде талай жылдар қызмет атқарып келе жатқан әділет старшиналары Самал Мейрамбаева, Венера Сатыбалдықызы, Динара Ашубаева, Сая Саябекова, Алтынай Ултамбаева, Лаура Калиева, Шынар Жумакишева, әділет аға сержанттары Айгуль Чингаева, Меруерт Акенева, Әсем Юсупова, Раушан Кожанова, Мадина Жамалова, Азамат Ақыджан, Жадыра Сейсенбинова, Гүльнұр Рахимова, Айгерим Кенжебекова өздерін тек жақсы жағынан көрсетіп қана қоймай, адами тұрғыда қиын қыстау кезде адамның жанынан табылатын жандар.

      Осы қызметкерлер осы салаға қызметке келгенде, әрі жас, бұғанасы қатаймаған, жас сержанттар еді. Ант қабылдай тұрып, өздеріне жүктелген үлкен жауапкершілікті сезгендерін білді. Ал, бүгін осы аға буын қызметкерлер, бірнеше жылдық  киын да қажырлы еңбектің арқасында, осы қызметке келген жас буынға жол ұсынып, тәжірбиелерімен шындауда. 

       Өзіндік тәжірибесімен және кәсіби біліктілігімен бақылаушылар бөлімінің бастықтары әділет капитандары Г.М.Балтабаева мен З.М.Каримжанова келешек ұрпаққа үлгі тұтарлықтай жандар.

      Біздің ОВ-156/21 мекемесінде ұзақ жылдар қызметте жүрген бақылаушылар бөлімі қызметкерлеріне  алғыс айта отырып, келген жас қызметкерлерге «Ақ жол» тілейміз. 

                                                         

                                                         ШҚО бойынша ҚАЖД не қарасты

                                                         ОВ-156/21 мекемесі

                           САӘПТЖБ бастығы

               әділет майоры

                                                                   А.Р. Бастамий

Похожее