17.03.2019
Аталған істер бойынша сотқа дейінгі өндірістің сапасы туралы облыс прокуратурасында құқық қорғау органдарының қатысуымен өткен алқа отырысында айтылған.
2018 жылдың қаңтарынан бастап, полиция органы мен экономикалық тергеу қызметі қылықтар мен онша ауыр емес құқық бұзушылықтар бойынша істерді электронды нысанда жүргізгенін атап өту қажет. Қазіргі кезде ауырлығы орташа қылмыстық істер де қаралады.
Е-істің артықшылығы - жеделдік пен ашықтық, уақытты, адамдар ресурсы мен бюджеттік қаражатты үнемдейді, ең бастысы, қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтары мен мүдделерін қатаң сақтайды.
Заманауи ақпараттық технологияларды енгізу сот өндірісін тіркеуден бастап үкім шығаруға дейін цифрлеуге мүмкіндік береді.
Мысалы, бұрын, қағаз нысанында тергеу кезінде соттың санкциясын алу үшін бір күн кететін, ал, қазір, кабинеттен шықпай-ақ тергеуші өтінішхатты электронды түрде жіберіп, бірнеше сағаттан соң дайын қаулыны алады.
Соттар ұсталғандарды конвойсыз онлайн-тәртіпте күдікті тұлғаларға қатысты бұлтартпау шарасын қолдану мәселелерін қарастырады. Бұл қаржылық шығындарды, процестік мерзімдерді қысқартауға мүмкіндік береді. ұсталғандардың қашу тәуекелін азайтады.
Осы жолы органдар барлық орташа және онша ауыр емес құқық бұзушылықтарды электронды нысанда жүргізуге бағытталды, бұл, қылмыстардың жалпы тіркелуінің 80% құрайды. Болашақта қағаз жүзіндегі сотқа дейінгі өндірісті электронды өндіріске толығымен ауыстыру көзделген.
Тергеу мен қадағалаудың жоғары сапасын қамтамасыз ету, кемшіліктерді азайту, сондай-ақ, өту рұқсатын арттыру және техникалық жабдықтау мәселесін шешу. Алқа мәжілісінің нәтижелері бойынша тапсырмалар алқа қатысушыларына берілді.
Похожее