23.02.2019
ШҚО спорты соңғы жылдары аймақ басшысының тікелей қолдауының арқасында жоғары қарқынмен дамып келеді. Әсіресе, жеңіл атлеттеріміз халықаралық байрақты бәсекелерде талай мәрте топ жарып, абыройымызды арттырды. Қазіргі күні «Алтай Атлетикс» клубында Қазақстан азаматтығын алған шыққан тегі кениялық төрт мықты спортшы бар. Әлемдік деңгейдегі бұл атлеттер Жеңілатлетика федерациясы халықаралық қауымдастығының үздіктер рейтингіне кіреді.
– Жуырда мен Халықаралық жеңіл атлетика федерациясының (IAAF) Президенті Себастьян Коэмен кездестім, кездесу барысында оған Қазақстанда IAAF аймақтық даму орталығын ашуды ұсындым. Қазір әлемде осындай тоғыз орталық бар. Егер ол орталық ашылған жағдайда біздің еліміздің ғана емес, өзге елдердің де мамандары әлемдік деңгейдегі білім алу үшін бізге келетін болады, – деді есепті кездесу барысында облыс басшысы Даниал Ахметов.
Похожее