22.12.2018
Кездесуді шекаралас ішкі істер органдарының халықаралық ынтымақтастығын қолдау және нығайту мақсатында облыстың Полиция департаменті ұйымдастырды. Екі күн бойы қылмыскерлерді іздестіру, көлік құралдарын ұрлауға қарсы іс-қимыл және ескірткінің заңсыз айналымы бойынша көкейтесті мәселелер талқыланды.
Сөз сөйлеушілердің бірі Кримналдық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Нұркен Көпжасаровтың айтуынша қылмыспен күресте мемлекеттердің ынтымақтастығы объективті негіз болып табылады, бұл екі және одан көп мемлекеттердің аумағында қылмыстардың жасалуы, сондай-ақ ұрланғанды өткізу және қылмыскерлердің сот төрелігінен шетелде жасырынуы.
Шығыс Қазақстан полицейлерінің ақпараты бойынша жылдың басынан бері облыс аумағында заңсыз көлік құралдарын иемденумен байланысты қылмыстардың бағыты бойынша 193 факті тіркелді, бұл аталған қылмыс түрінің 7,2%-ға төмендегенін көрсетеді.
Ұрлықтың негізгі құралы ресей өндірісінің автомобильдері мен 1990 жылы және 2000 жылдың басында шыққан шетел автокөліктері екенін айта кеткен жөн. Департамент қызметкерлері жедел профилактикалық іс-шаралар өткізу нәтижесі бойынша 2015 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Ресей Федерациясы бойынша іздестірілудегі 14 көлік құралын, оның ішінде Алтай өлкесі бойынша – 5 көлікті анықтады. Қазіргі уақытта 5 автокөліктің 3-уі өзара тығыз әрекет етудің арқасында Алтай өлкесіне қайтарылды.
- Нақты РФ Алтай өлкесіне автокөліктерді айдап апару мүмкіндігі жетерлік, мәселен, Барнаул қаласында тұратын 3 Ресей Федерациясының азаматынан құралған қылмыстық топ 2017 жылы Семей қаласының аумағында түнгі уақытта 3 қымбат көлікті ұрлаған. Қылмыстық істі тергеу барысында аталған адамдар мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтіп, Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен бірге жергілікті аумақты, шығу жолдарын зерделеп, бірнеше күн бойы автомобильдерді іздеп, мемлекеттік шекарадан өткізу жолдарын қарастырады, - деп атап өтті ШҚО ПБ КПБ бастығы Нұркен Тұрмышұлы.
Облыстың тәжірибелі полиция қызметкерлерінің жұмысты дұрыс ұйымдастыруы арқасында күдіктілердің мемлекеттік шекара арқылы автокөлікті алып кетуіне жол берілмеді және барлық көлік құралдары «тоқтап тұрған» жерде, яғни мемлекеттік шекара Ресей Федерациясына жақын Шығыс Қазақстан облысының Бородулиха ауданынан табылды.
Сондай-ақ кездесу барысында қылмыскерлерді іздестіруге ынтымақтастық мәселесі де айтылды, сонымен 2017 жылы ШҚО Полиция департаментінің қызметкерлері Ресей Федерациясы аумағында құқыққа қарсы іс-әрекеттер бойынша 3 күдіктінің жүргенін анықтады.
Сонымен қатар, шекаралас мемлекеттердің әріптестері синтетикалық есірткімен күрестің тәсілдерін талқылады, оның ішінде жаңа психобелсенді заттарды таратудың, осы мақсатта Интернет-ресурстарын, мессенджерлерді және электрондық төлем жүйелерін пайдаланудың жолын кесуге баса назар аударылды.
Іс-шара соңында бағдарламада белгіленген барлық мәселелер бойынша конструктивті сұхбат өткізілді, тиісті ұсыныстар әзірленіп, Қазақстан мен Ресей Федерациясынің ішкі істер органдарының шекаралас ынтымақтастығы аясында қылмысқа қарсы іс-қимыл жөнінде бірлескен іс-шараларды белсенді жүзеге асыру үшін ұсыныстар енгізілді.
Похожее