«Халифа Алтай» мешіті «4 құжатты насихаттау айлығын» жариялады

30.03.2017

Өскеменде «4 құжатты насихаттау айлығы» жарияланды, деп хабарлайды 16news.kz сайты.  

Облыс орталығында өңірдегі имамдардың кезекті басқосуы өтіп, ағымдағы жылы 3 айда атқарылған шаруалар сараланды. Жиынды ашқан Өскемен аймағының өкіл имамы жасалған істерді қорытындылай келе, имамдарға нақты міндеттер жүктеді.

«4 құжатты насихаттау айлығының» шаруасын дөңгелету арнайы құрылған жергілікті ақпараттық-насихат тобына жүктеліп, нақты шаралар жоспары жасалды. Сонымен қатар желіміздегі діни оқу орындарына түсушілер туралы да мәселе қаралды.

 «Әлбетте, алдағы сәуір айын Діни басқарманың бекіткен құжаттарын насихаттау айлығы етіп жариялап отырмыз. Бұл уақытта біз аталған құжаттарды әлі де халық арасына кеңірек насихаттап, семинарлар өткізіп, нақты шаралар жасауымыз керек. Себебі біздің қызметіміз үшін, асыл дініміз үшін бұл құжаттардың орны ерекше», — деп атап өтті өкіл имам Ермек қажы Тасболатұлы.

 Алдағы уақытта өңірге қарасты барлық аудандарда аталған құжаттарды насихаттау бойынша іс-шаралар ұйымдастырылатын болады, деп жазады «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі.  

Похожее