Кандидаттар арасында ашық дебаттан пікірталас

08.11.2019

Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданында партиялық кадрлық резервіне іріктеудің үгіт-насихат науқаны шеңберінде үміткерлер арасында ашық дебат өтті.

Пікірталасты «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы ұйымдастырылды.
Ашық диалог аясында партиялық кадрлық резервіне үміткерлер қатысушыларды өз бағдарламаларымен таныстырып, сұрақтарға жауап берді. 
Пікір таласқа қатысқан  Аменова Айнаш Алибековна тіл саласы бойынша өз бағдарламасын ұсынса, Байрамова Айнур Ровшан гызы жастар мәселесін сөз етті.    Туктыбаев Адыльбек мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселесінің өзекті екендігін айтса, үміткер Султанов Талгат Амантаевич ардагерлерге қатысты бағдарламасын жариялады. 

Төрт үміткердің арасында өткен пікір талас өте тартысты болды. Дебат форматында өтетін үгіт-насихат жұмыстары  «Nur Otаn» партиясы Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық филиалының басқа да бастауыш партия ұйымдарынында жалғасатын болады.

Похожее