19.11.2019
Бүгін ШҚО ТЖД-да «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төс белгісін бейбіт өмірдің қахарманына ұсынды. Оның сауатты іс-қимылының арқасында борттағы төрт адам, соның ішінде санитарлық авиацияның қызметкерлері мен азаматтық адам аман қалды.
Оқыс оқиға былтырғы жылдың қазан айында Шығыс Қазақстанның аумағында орын алды. «Қазавиаспас» қызметкерлері: әуе кемесінің командирі Артур Ғаббасов, екінші ұшқыш Олег Самойлов санитарлық авиациялық жұмысшылар: фельдшер Татьяна Сергеева мен врач-реанимотолог Галина Семенова «Өскемен-Риддер» бағыты бойынша ауыр науқасты тасымалдауға жоспарлы ұшып кетті.
Бассүйек ми жарақаты бар ер адам жедел ауруханаға жеткізілуі тиіс еді.
Қайтар жолда әуежайға 23 шақырым қалған кезде Eurucopter экипажының бортындағы екінші ұшқыштың жағдайы күрт төмендеп кетті. Кейін анықталғандай мидағы қанайналым нашарлап, есінен танып қалған, сондай-ақ эпитептикалық тартылыс болған екен. Есінен танған ұшқыш денесімен білік пен басқару педалін басып қалды. Салдарынан тікұшақ құлай бастады.
«Барлығы қас-қағым сәтте болды – деп еске алады әуе кемесінің командирі Артур Ғаббасов. «Бас кезінде техникада ақау бар ма деп ойлап қалдым. Жалт қарасам әріптесімнің жағдайы нашарлағанын көрдім, бұйрықтарыма мән бермейді. Тікұшақ 700-800 метр биіктікте болды. Сондықтан әр секунд қымбат еді. Дереу басқару білігін босату керек болды».
Сауатты іс-қимылдарды ұйымдастырып және санитарлық авиация қызметкерлерін жұмылдырып екінші ұшқышты орнынан шығарып, әуе кемесінің командирі басқаруды өз қолына алды және шұғыл түрде тікұшақты қондырды.
Артур Ғаббасов жергілікті жер бедерін шұғыл болжап және кемені елдімекенге жақын жерге қондыруға тырысты, себебі жерден жедел жәрдем үлгеруі керек еді.
«Біз Винное кентінің жанына қондық. Науқан жолаушының жағдайы нашарлаған жоқ, шұғыл қону кезінде ол зардап шеккен жоқ. Сондықтан барлық назарымызды екінші ұшқыққа жұмсадық. Әріптесіммен бірге тыныс жолдарын босатып, тыныс алуын қалыпқа келтіруді тырыстық» - деп есіне алады санавиация фельдшері Татьяна Сергеева.
Екінші пилот біртіндеп есін жинады. Өскеменге дейін 7 минут ұшу керек еді. Дәрігерлермен кеңесіп, жалғыз ұшуға рұқсаты бар Артур Ғаббасов облыстық орталыққа ұшу туралы шешім қабылдады. «Әуеден жедел жәрдем сұраттым, әуежайға келе салысымен бізді дәрігерлер күтіп тұрды, олар науқасты ғана емес менің әріптесімді де ауруханаға жеткізді» - деп есіне алды әуе кемесінің командирі.
Артур Ғаббасов бұрынғы әскери ұшқыш, 1800 артық ұшу сағаты бар. Бұрындарда МИ-8, МИ-17 сияқты кемелерді басқарған. Соңғы уақытта ҚР ІІМ ТЖК «Казавиаспастың» Eurucopterінде ұшады. Еңбек ету жылдары Артурда осындай жағдай бірінші рет болды. Дұрыс шешім қабылдау үшін суыққандылық, бортта жолаушылар құрамын ұйымдастырып үрейге бой бермей әрекет етуі үшін 13-ақ секунд уақыты болған.
ШҚО ТЖД
ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы
Похожее