24.11.2018
Бес күндік курстың үшінші күнінде қатысушыларға тарих ғылымдарының кандидаты, саясаттанушы Е.Есенгарев «Саясаттану. Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясаты» тақырыбындағы дәрісінде елімізде жүргізіліп жатқан дін саласындағы мемлекеттік саясаттағы әр адамның орны, әсіресе ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерінің қоғамдағы маңыздылығы туралы айтып өтті. Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, теолог Р.Чингужанов «Ислам негіздері. Ислам дінінің Қазақстан территориясында пайда болу тарихы» тақырыбы бойынша мәнді де мағыналы ақпараттар берді.
Похожее