18.05.2019
Тағамнан уланудың алдын алу үшін келесі шараларды сақтану қажет:
1) рұқсат етілмеген көшедегі сауда орындарында белгісіз адамдардан тағам өнімдерін сатып алмаңыз - әсіресе тез бұзылатын үйде дайындалған тағам өнімдері: сүт, сүзбе, қаймақ, консервіленген, герметикалық орамадағы;
2) тағам өнімдерін сатушылар мен аспаздар санитарлық талаптарға сәйкес келетін жағдайларда жұмыс істейтін сауда орталықтарында сатып алғаныңыз дұрыс (орталықтандырылған суық және ыстық сумен қамтамасыз етілген, стационарлық санитарлық торапты пайдаланатын);
3) тез бұзылатын тағам өнімдерін (сүт және шұжық өнімдері, дайын салаттар, кремі бар кондитерлік өнімдер) және балалар тағамын сатып алған кезде өнімдердің жарамдылық мерзіміне және сақтау шарттарына назар аударыңыз;
4) тоңазытқыштан тыс сақталған өнімдерді пайдаланбаңыз;
5) тоңазытқышта азық-түлік шикізаты мен жартылай фабрикаттарды және пайдалануға дайын өнімдерді сақтауды шектеңіз. Шикі және дайын өнімдерді сатып алатын сауда кәсіпорындарында да осыған назар аударыңыз.
6) қолданар алдында көкөністерді, жемістерді, жидектерді және көктерді мұқият жуыңыз;
7) шіріген, бүлінген, қабығының бүтіндігі бұзылған көкөністер мен жемістерді сатып алмаңыз және қолданбаңыз;
8) бүтіндігі бұзылған және таңбалау зат таңбалары (жапсырмалары) жоқ тағам өнімдерін сатып алмаңыз);
9) егер қолыңызда жаралар, іріңді аурулар болса - тамақ дайындау кезінде аса сақтықты сақтаңыз: жараны байлап тағам дайындау кезінде қолғапты қолданған жөн;
10) қоздырғыштардың жойылуын және олардың токсиндерінің бұзылуын қамтамасыз ететін термиялық өңдеуді мұқият өткізіңіз;
11) тағам дайындау үшін шикі жұмыртқаны пайдаланар алдында оларды өңдеңіз (шаруашылық сабынды қолдана отырып ағынды сумен жуыңыз).
Қайнаған сәттен бастап кемінде 10 минут жұмыртқа пісіріңіз. Сондай-ақ, жұмыртқаны қолданып дайындалған аспаздық өнімдер тез бұзылатын тағам өнімдеріне жататынын және шарттарды (+2-ден + 6 ºС температурада) және сақтау мерзімдерін сақтауды талап ететінін есте сақтау қажет.
12) тағамды жәндіктерден, кеміргіштерден және басқа жануарлардан қорғалған жерде сақтаңыз;
13) ас үйді, ас үй мүкәммалын таза ұстаңыз;
14) ас үйде термиялық өңдеуді талап етпейтін шикі және дайын өнімге арналған жеке бөлшектеу тақтайлары мен пышақтары болуы қажет;
15)бүтіндігі бұзылған, тоты бар бәнкілердегі консервілерді, түрлі қоспалармен ластанған және қамба зиянкестерімен залалданған жарма, ұн, кептірілген жемістерді пайдаланбаңыздар;
16) балалардың тамақтануында құрамында жасанды жолмен алынған тағамдық қоспалар (хош иістендіргіштер, бояғыштар) - алкогольсіз сусындар, сағыз, кондитерлік өнімдер және т.б. бар тағам өнімдерін пайдалануды шектетіңіз;
17) табиғатқа шыққан кезде белгісіз өсімдіктерді, саңырауқұлақтарды жеуге болмайды;
18) тағам өнімдерін сақтау үшін, өнімдермен жанасу үшін рұқсат етілген материалдарды, мүкәммалды, ыдысты пайдаланыңыз.
Осы ұсыныстарды ұстана отырып, сіз өзіңізді және жақындарыңызды тағамнан уланудан қорғайсыз. Аман-сау болыңыздар!
ШҚО ҚДСД Тағам объектілерін санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімі басшының орынбасары Б.Қуанышбеков
Похожее