Колониядағы ашық есік Күні және сотталғандармен өткізілген шағын-футбол

13.09.2019

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің ОВ-156/15 түзеу мекемесінде Семей қаласы прокуратурасының бастамасымен сотталғандардың құқықтарын қорғау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ашық есік Күні өткізілді.

Осы іс-шара бірнеше жыл қатарынан өтуде. Қала прокуратурасы мен мекеме әкімшілігі оның ұйымдастырылуына аса назар аударды. Себебі, өздерінің туыстарына келген адамдар қылмыстық-атқару жүйесінің қызметі туралы толық және объективті ақпарат ала алды.

Түзеу мекемесінің ашық есік Күніне  барлығы 100-ден астам адам келді, 92 сотталғандар қатысты. «Отбасылармен кездесу олардың үлгілі жүріс-тұрысы  және ыждахатты еңбегі үшін берілді. Осындай іс-шаралар сотталғандардың үлгілі жүріс-тұрысын  ынталандырады», -деп есептейді колоняи басшылығы.  

Іс-шараға қала прокурорының орынбасары Нұрлан Тұрыбаев қатысып, осы күні сотталғандардың жеке қабылдауын жүргізді. Сотталғандарды тұрғылықты жері бойынша ауысу, жазаның жеңілірек түрлеріне ауыстыру туралы өтінішхатпен сотқа жүгіну, жазаны орындау тәртібін өзгерту, медициналық көмек сапасын жақсарту, тұрмыстық жағдай мәселелері қызықтырды. Барлық сұрақтарға нақты жауап беріліп, кейбір арыздар бақылауға алынды.

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің басқа да ОВ-156/14 түзеу мекемесінде қала прокуратурасы футоболдан жарыс өткізді. 

Шағын футбол жарысына 3 команда – қала прокуратурасының, түзеу мекемесінің қызмектерлері мен сотталғандар командасының құрамы қатысты. 

Жарыс кезінде барлық қатысушылар жақсы дайындықтары пен шағын футоболдан үздік дағдыларын көрсетті, жарыстың қорытындылары бойынша ШҚО ҚАЖД ОВ 156/14 мекемесінің сотталғандар құрамы жеңіске жетті. Екінші орынды колония қызметкерлерінің командасы, үшінші орынды қала прокуратурасы алды.

Барлық жеңімпаздар грамоталармен, медальдармен және бағалы жүлделермен марапатталды. Үздік ойыншылар жеке номинацияларға иеленіп, ол жеке істеріне енгізілді.

Осындай кездесулер сотталғандарды қайта тәрбиелеуге септігін тигізеді, яғни, олар адамның өз маңыздылығын түсіну, намыс, жеңіске деген ынта, қайсарлық пен қарсыласын құрметтеу сияқты қасиеттерді қалыптастыруға аса ықпал етеді.

Похожее