«Түркістан облысында 232 мыңнан астам балалар АӘК алады. Олардың 90% - көпбалалы отбасылардан. Соларға отбасының табысына қарамастан мемлекеттен кепілдендірілген әлеуметтік қолдау көрсетуді ұсынамын.
Бірақ ол балалардың санына қарай саралануы тиіс. Бұл 4 балалы отбасыларға қарағанда 5 балалы отбасыларға жәрдемақы көбірек беріледі деген сөз.
Бұл не береді?
Біріншіден, бұл балалар санына байланысты көп балалы отбасыларға атаулы және нақты қолдау болады.
Екіншіден, ата-аналарға кіріс туралы ақпаратты дәлелдеу немесе ұсынудың қажеті жоқ, өйткені қолдау табысына қарамастан көрсетіледі.
Үшіншіден, егер мұндай қолдауды алған күннің өзінде отбасы аз қамтылған болып қала берсе, онда қосымша АӘК ала алады».