Мекеме әкімшілігіне ризашылық білдіріп,алғыс сөздер айтты.

05.02.2020

Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген және қандай да бір себептермен жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ Қазақстан Республикасының азаматтарын түзеу мекемелерінің орналасқан жері бойынша тіркеуден міндетті түрде шығара отырып құжаттайды.

 Арнайы есепке алу бөлімі мен көші қон қызметі халықты құжаттандыру және тіркеу бөлімі қызметкерлері арасында бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген адамдарды құжаттандыру мәселелері бойынша тығыз жұмыс жасауда.Осы сотталғандарды құжаттандыру мәселесі әлі күнге дейін өзекті проблемалардың бірі болып табылады,өйтені бұл олардың қоғамдағы әлеуметтік бейімделуінің негізі.Төлқұжаттың немесе жеке куәліктің болмауы сотталғандардың бірқатар құқықтарын,мүгедектікті,әлеуметтік төлемдерді қамтамасыз етуді мүмкін етпейді,шартты түрде мерзімінен бұрын босату мүмкіндігін қиындатады.Бостандыққа шықаннан кейін адамның тұрғылықты жері бойынша тіркеуге мүмкіндігі болмайды,жұмыс табуда,зейнетақы алу кезінде қиындықтар туындайды,азаматтық құқықтық мәмілелерге қатыса алмайды.Мысалға,ШҚО ОВ 156/6 мекемесінде жазасын өтеп отырған 1984 жылы туылған сотталған Сергей Анварович Скопинцев Ресей Федерациясы Алтай өлкесінің тумасы. Сотталғанға дейін Алматы облысы Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылында тұрған.Мекемеде 2012 жылдан бастап жазасын өтеп отыр.Мекемеге келген күннен бастап сотталғанның жеке ісінде жеке басын куәландыру үшін,туу туралы куәлік жазбасының көшірмесі және Ресей Федерациясының азаматы болып табылатын үкімнің кіріспе бөлігі қоса болды.2018 жылдан бастап С.А Скопинцевті Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ тұлға ретінде құжаттандыру бойынша қарқынды жұмыс жүргізілді,алайда жүргізілген жұмыстар күтілген нәтиже бермеді.Сотталушымен әңгіме барысында,оны азаматтығы жоқ адамның куәлігіне құжаттау туралы шешім қабылданды.Мекеменің арнайы бөлімімен және Шемонаиха ауданының көші қон қызметінің бірлескен жұмысы арқасында сотталған азаматтығы жоқ тұлға ретінде танылып,төлқұжаты берілді. Сотталғанның айтуынша мекемеден босатылғаннан кейін төлқұжатын алып,тұрғылықты мекен жайына барып тіркеуге алынатынын,жұмысқа орналасатынын,сонымен қатар денсаулық жағдайына байланысты ,мүгедектікті алуы бойынша құжаттар жинайтынын айтты.Мекеме әкімшілігіне ризашылық білдіріп,алғыс сөздер айтты.

Похожее