Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдауына пікір

22.10.2018

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы жолдауы мемлекетіміздің саяси-экономикалық мәдени-әдеуметтік салалаларына арналады. Аталған салалардағы мәселелер кеңінен қаралып, жеткен жетістіктер талданып, кемшіліктерді жойып дамытуға нұсқаулықтар беріледі.

Осы негізде елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдауы уақыт талабына сай шықты. Жолдауда да ел тұрғындарының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына басым бағыт берілді. Соның ішінде білім беру жүйесіне ерекше назар аударылды. Мемлекет басшысы мектепке дейінгі білім беру жүйесін де назардан тыс қалдырмай, баланың ақыл-ойы мен шығармашылық қабілеттерін, қазіргі өркениетке сай дағдыларын ерте бастан дамыту керектігіне тоқталды. Бұл дегеніміз ғылым мен инновацияның қарыштап тұрған заманында жас жеткіншекті уақытты өткізбей дайындау керектігін көрсетеді.

Бұл бағыттағы жұмысты жалғастыру үшін Президент орта білім беру жүйесінің мазмұнын айта келіп, Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқыту жүйесі мен әдістемесі мемлекеттік мектептер үшін бірыңғай стандарт болуға тиіс деп тілге тиек етті. Бұл мектеп білімін реформалаудың қорытынды кезеңі болу қажет деп тұжырымдады. Оқушылар мектеп қабырғасында қоғамдағы сұранысқа ие мамандықтарға бейімделіп, соған орай кәсіби мамандық таңдау керек екендігі айтылды.  Сонымен қатар, қоғамдағы көп айтылып жүрген мәселелердің бірі – Ұстаздар мәртебесіне тоқталып, Елбасы аталған мәселені шешу үшін «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылдау қажеттігін атап өтті. Бұл заң мұғалімдерге үлкен қолдау беріп, кәсіби дамумен шығармашылық табыстарға жетелейді деп ойлаймын.

 

Өскемен қаласы

химия-биология бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебінің

тарих пәні мұғалімі

Имашпаев Рахат Ануарбекұлы

Похожее