«Наурыз challenge» - нұротандықтар бастаған мейірім эстафетасы

14.03.2019

Шығыс Қазақстанның нұротандықтары республикалық «Наурыз challenge» акциясын қолдауда. Мәселен, семейлік партия белсендісі ерекше күтімді қажет ететін балақайға арнайы арба тарту етті.

Көпбалалы ана Меруерт Айсанова партияның қалалық филиалына көмек сұрап, өтініш білдірген еді. Денсаулығына байланысты үздіксіз күтімді қажет ететін ұлына арнайы арба алуға мүмкіндігі жоғын жеткізді. Бүгінде бұл жанұяда төрт бала тәрбиеленіп жатыр. Осы жағдайға орай филиал үндеуіне кәсіпкер Дайырхан Досқұжанов атсалысып, өз үлесін қосты.  

– Көмекке мұқтаж жандарға әркез қол ұшын созуымыз қажет. Кішкентай батырымыз осы қоғамның толыққанды мүшесі екенін білсе, болашаққа зор сеніммен қарап, ер жетсе екен деймін. Ізгі іске жүрегі жақын жомарт жандарды аталмыш акцияға атсалысуға шақырамын, – дейді Дайырхан Досқұжанов. 

«Nur Otan» партиясының «Наурыз challenge» акциясы аясында Риддер қаласы мәслихатының депутаты Галина Гильдерман Бутаков ауылындағы Виноградовтар отбасына көмектесті. Андрей мен жұбайы Татьяна кәмелеттік жасқа толмаған алты баланы тәрбиелеп отыр. Отбағасының маусымдық еңбекақысына олардың бәрін киіндіріп, қажеттіліктерімен толық қамту мүмкін емес, сондықтан, жанұя аз қамтылғандар санатына алынған. Мемлекет тарапынан тиісті жан-жақты көмек көрсетіліп тұрады. Галина Михайловна балаларға 6 күртке, 6 жұп аяқ киім, құлақшындар мен басқа да осы мерзімге шақталған киімдер сыйлады.

Бұдан бөлек, кәсіпкер 4 баланың анасы, қазіргі таңда үй шаруасында отырған Ирина Мирошниченкоға да қол ұшын созды.  

Иринаның балаларына 4 күртке, 8 жұп аяқ киім, бас киімдер өзге де керек заттарды алып бердім. Оқу-құралдары дегендей. Әрине, мүмкіндігіме қарай, өтініш білдірген азаматтардың бәріне қол ұшын созуға тырысамын. Себебі, бұл ісіміз еліміздің, қоғамның жарқын болашағы үшін аса қажет, – дейді Шығыс Қазақстанның «Жомарт жан – 2017» марапатының иегері.  

Галина Гильдерманның қайырымдылық іспен айналысқанына 20 жылдан асты. Жолдасымен бірге әркез жалғызбасты зейнеткерлерге, үй-күйсіз жүрген, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмектеседі. Олар туралы газеттерде мақала жазылды, телеарналарда сан сюжеттер көрсетілді. Ал жерлестері бұл әулетті қарапайым, бірақ ең абыройлы қасиет – адамгершіліктері үшін құрметтейді. 

Похожее