13.10.2018
Ел Президентінің Жолдауы әлеуметтік әділеттілік қағидалары мен құндылықтары Қазақстанның ең басты стратегиялық басымдығы, ал отандастарымыздың әл-ауқатының артуы және ұлттық мүдде әрқашан Елбасы саясатының негізі болып қала беретінін тағы бір мәрте айқындай түсті.
Әлбетте, Қазақстанның әрбір азаматы елдегі ауқымды өзгерістерге өздерінің қатысын сезінуі тиіс. Ал Жолдаудың тиімді жүзеге асуы әлеуметтік сала дамуының жаңа, сапалы деңгейін қамтамасыз етеді.
Сондықтан, "Нұр Отан" партиясы оның нақты жүзеге асуын қатаң бақылауға алып отыр. Оны бүгін партия Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Қызылорда облысына жасаған жұмыс сапарында баса айтты.
Бұл ретте "Қазақстандықтардың әл-аухатының өсуі: табыс пен тұрмыстың артуы" атты Елбасы Жолдауын Аймақтық коалиция қатысушылары да қолдап, тұрғындарға жолдаған үндеуіміз бірауыздан қабылданғанын атап өткім келеді.
Похожее