Республикалық оқыту курсының үшінші күні өтті

08.11.2018

Қазақстан Республикасы қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның мемлекеттік гранты аясында «Парасат» кеңес беру-әдістемелік орталығы» мекемесі өткізіп жатқан «Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерін даярлау және қайта даярлау жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру топтарының әртүрлі деңгейдегі мүшелерін даярлау курсының үшінші күні де сәтті өтті.

Аталмыш іс-шараның мәнді де мағыналы болуына ҚР білім беру ісінің үздігі, «Қазақ ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүр академиясының» академигі Ғалия Қайдауылқызы «Қазақ тарихы мен мәдениеті. Қазақстан салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының дін мен байланысы, ұлттық құндылықтарды сақтауымызда қазіргі замандағы маңызы» тақырыбында тыңдаушыларға қазақ халқының салты мен дәстүрінің ерекшеліктерін айта отырып, еліміздің өткен кезеңімен салыстырып айтуының мәнісі зор болды. Себебі: АТТ мүшелерінің қарапайым халық арасында дәстүр мен дін мәселесіне келгенде, тәрбие, әдет-ғұрып мәселесіне келгенде көп уақытта жауап бере алмай жүрген сұрақтарына жауап берді.

«Нұр-Мүбәрәк» Египет Ислам мәдениеті университетінің жанындағы экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтының директоры Асқар Сабдин «Деструктивті діни ағымдардың белгілері. Қазақстандағы экстремистік және радикалды идеологиялардың таралу жолдары» тақырыбында дәріс оқып, қатысушыларға экстремистік идеологияларға қалай төтеп беру керек және АТТ мүшелерінің осы жұмыстағы маңыздылықтарын түсіндіріп берді.

                Қатысушылар дәріскерлерге көкейде жүрген сұрақтарын қойып, белсенді қатысып отырды. Семинардың соңында барлығы естелік суретке түсті.

Похожее