«Рухани жаңғыру» бағдарламасы - жаңа даму кезеңінде

15.04.2020

Бүгін «Рухани жаңғыру – халықтың рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие жұмысының жаңа кезеңі» атты вебинар өтті. Шараны  «Рухани жаңғыру» өңірлік орталығының мамандары ұйымдастырды. Оған жауапты сала өкілдері қатысты. Бұл аталмыш бағдарламаның үш жылдығына орай өткізілгенін атап өткен орынды.
Вебинар барысында «Рухани жаңғыру» өңірлік орталығының басшысы Мәдениет Ахметова бұл мемлекеттік бағдарламаны нәтижелі түрде жүзеге асырып жатқан жобалық кеңселерге алғысын білдірді. Сондай-ақ ол осы уақыт атқарылған шаруаларды түйіндеп, аталмыш бағдарламаның басты міндеттеріне тоқталып өтті.
Айта кетейік, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында біздің облыста 18 өңірлік жоба мен 17 кіші жоба жүзеге асырылуда.
-        «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында соңғы үш жылдың көлемінде ШҚО-да 8 мыңнан астам іс-шара ұйымдастырылды, - деді Мәдениет Ахметова.
Вебинар  барысында «Рухани жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ менеджерлері Серік Молдағалиев пен Жазира Каменова бұл бағдарламаны жүзеге асыру кезінде көрсетілетін методикалық көмек пен сараптамалық жұмыстың жүргізілу барысына тоқталды. Бұдан соң «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жобалық менеджментпен сабақтастыру, жоспарлы түрде жұмыс жүргізу туралы ШҚО ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының оқытушысы Гульфия Берікполова баяндама жасады.
Вебинарда Семейдегі жобалық офис жетекшісі Бақытгүл Оралбекова мен Жарма аудандық білім беру бөлімінің басшысы Қанат Шаймұратов бағдарламаның өңірлерде жүзеге асырылуы, шараларға жастарды тарту мен патриоттық тәрбие беру жөнінде баяндама жасады. Ал Риддер қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Анар Дүкенбаева «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ақпараттық қамтамасыз ету төңірегінде сөз қозғады.
Вебинар соңында Мәдениет Ахметова «Рухани жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ-мен бірлесе жасалған ұсыныстарды тізбектеп, жаңа қазақстандық қоғам үлгісін қалыптастыру жолында аянбай еңбек ететіндерін атап өтті.

Похожее