ШҚО Полиция департаменті волейболдан кезекті жеңіске жетті

08.02.2019

Елбасымыз 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялады. Осыған орай, облыс орталығында түрлі шаралар бастау алды. «Динамо» ДСҚ бастамасымен Шығыс Қазақстан облысы құқық қорғау органдары мен күш құрылымдарының жарысы орын алды.

Өскемен қаласында өткен облыстық доп додасына барлығы 14 команда қатысып, тартысты ойын көрсетті. Топтық ойындар нәтижесі бойынша ақтық сынға төрт команда шықты: облыстық Полиция департаменті, Төтенше жағдайлар бойынша департаменті, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменті және Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы.

Сайыс қорытындысы бойынша 1-орынды Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің командасы иеленсе, 2-орында ШҚО ұлттық қауіпсіздік қызметі бойынша департаментінің командасы, ал 3-орынға төтенше жағдайлар бойынша департаментінің қызметкерлері лайық деп танылды.

Жүлдегерлер кубоктар, мақтау қағаздарымен марапатталды. Сонмыен қатар, жеке номинациялар бойынша үздіктер анықталып, грамоталар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Похожее