ШҚО бойынша Экономикалық тергеу департаменті Өскемен қаласының ірі базарларындағы сауда нүктелерінің әкімшіліктері және кәсіпкерлерімен кездесу өткізді.

23.05.2019

ШҚО бойынша Экономикалық тергеу департаментімен тұрақты түрде көлеңкелі экономикаға қарсы бағытталған алдын алу шаралары өткізіліп тұрады.

2019 жылғы 22 мамырда ШҚО бойынша Экономикалық тергеу департаменті Өскемен қаласының  ірі сауда нүктелерінің әкімшілігі және кәсіпкерлерімен кездесу өткізілді.

         Кездесу барысында кәсіпкерлер Экономикалық тергеу департаментінің көлеңкелі экономикаға қарсы, соның ішінде жалған ақша жасау, ойын бизнесі сондай-ақ, контрафактілік өнімге байланысты құқық бұзушылықтар саласының алдын алу, жолын кесу бойынша жүргізіліп жатқан жұмысы туралы хабардар болды.

Кездесу аясында ЭТД қызметкерлерімен «Абайлаңыз жалған ақша!» акциясы өткізілді. Аталған акция қолма қол ақшамен тікелей байланысты тұрғындардың, әсіресе кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің ақпаратпен қамтамасыз етілуін  жоғарылатуға бағытталған.

Акцияны өткізу кезінде кәсіпкерлерге жалған ақшаның белгілері және жалған ақшаға тап болған жағдайда уақытында хабарлау туралы түсіндірілді.

Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жалған қаражат ақша жасау және оны тарату, тауар белгісін заңсыз түрде пайдалану және авторлық құқықты бұзу, сонымен қатар, жалға берушілердің бөлмелерді ойын бизнесіне жалға бергені үшін тартылатын жауапкешілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Акция барысында профилактикалық сипаттағы брошюралар таратылды.

Экономика саласындағы барлық жасалған құқық бұзушылық фактілері бойынша ШҚО бойынша Экономикалық тергеу департаментіне 8-7232) 24-06-05 сенім телефоны арқылы немесе Өскемен қаласы, Буров көшесі 10/1 мекенжайына хабарлай алатыны туралы азаматтардың есіне саламыз.

 

 

Похожее