28.09.2018
"AltayKidsCup" – бұл спорттың осы түрінен елімізде алғаш құрылған «AltayAthletics» кәсіби клубының күш салуымен балаларды жаппай жеңіл атлетикалық қозғалысқа тарту бойынша қолға алынған бағдарлама. Өткен жылы аймақ басшысы Даниал Ахметовтың тапсырмасы және ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының бастамасымен осы клуб өз жұмысын бастаған болатын.
Осы бағдарлама негізінде ең алдымен мынадай үш тәртіп бойынша кішігірім жарыстар өткізілді: доп лақтыру, 60 м жүгіру және ұзындыққа секіру. Қатысушылардың ұзын саны 20000-ға жетті. Аталмыш доданың екінші кезеңі ағымдағы жылдың 28 қыркүйегінде өтеді, сонымен қатар қазан айының 27 дейін өңірдегі 19 қала мен ауданда ұйымдастырылмақ.
Екінші кезеңнің бірінші сайысын Риддер қаласы, Глубокое, Шемонаиха және Абай аудандары қабылдайды.
Қатысуға өтініш білдіргендер: Глубокое ауданы – 504 спортшы, Риддер – 288 қатысушы, Шемонаиха ауданы – 432 және Абай ауданы – 252 қатысушы.
Похожее